Видео

"Тоқаев көбірек ұнайды": елордалықтар Жаңа Қазақстанға сене ме – видео

Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғаларынан кейін дамудың жаңа кезеңі басталатынын мәлімдеп, халықты Жаңа Қазақстанды бірге құруға үндеген еді
Президенттің айтуынша, ол шынайы жаңару кезеңі болады. Ал үйлесімді саяси және экономикалық реформалар Жаңа Қазақстанның іргетасы болуы шарт. Соның нәтижесінде еліміз алға жылжып, халықтың өмір сүру деңгейі көтеріледі.
"Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін", - деген болатын Тоқаев.
Осыған орай Sputnik Қазақстан тілшілері астаналықтардан Жаңа Қазақстанға қаншалықты сенетінін сұрап білді.
Жаңалықтар
0