Ресей Бучадағы оқиғаға РФ қатысы жоқ екенін айтты

Sputnik
Украинадағы әскери іс-қимылдың қырқыншы күніне тақаған шақта көптен күткен оқиға болды: "оккупацияланған аумақтардағы орыстар жасаған қантөгіс" кадрлары пайда болды, деп жазды РИА Новости.
Киев облысындағы Буча қалашығынан ресейлік әскерилер кеткеннен кейін бейбіт тұрғындардың көшеде жатқан мәйіті, өлтірілген адамдардың денесі тасталған шұңқырлар бейнеленген кадрлар тарады. Бірақ ресейлік әскер Бучадан бірнеше күн бұрын кеткен және олар кеткеннен кейін қала мэрі мұндай жантүршіктірерлік жағдай туралы ештеңе айтпады. Бірақ бұған бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Сол сияқты, Ресей армиясы кеткеннен кейін қалаға украин әскерилері келгенін де ешкім анықтап жатқан жоқ. Жалпы Украинада қазір кім, қашан және кімді өлтіргенінің ақ-қарасын анықтайтын ешкім жоқ.
Өйткені Владимир Зеленский бірден Ресейді айыптап, орыс армиясы геноцид жасады деген мәлімдеме жариялап, оларды "жендеттер" деп атады. Үрейлі кадрлар тез арада батыс БАҚ-тарында таралып, батыс саясаткерлері наразылық танытты. Берлин жаңа санкциялар қажет десе, Борис Джонсон орыс армиясын аштан қырамын деді. Еурокомиссия тергеуге бастамашы болуға ниет танытса, Джо Байден өзінің Владимир Путинді "әскери қылмыскер"деп атағанының айғағы жария болды деп пікір білдірді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропадағы Украина босқындарының тағдыры не болмақ
"Ол – әскери қылмыскер. Біз қажетті ақпарат жинап, Украина соғысты жалғастыруы үшін оларды қару-жарақпен қамтамасыз ету керекпіз. Бучадағы жағдай адам төзгісіз болып отыр. Мұны бәрі көрді. Бұл әскери қылмыс деп ойлаймын. Мен жаңа санкцияларды қолға аламын, оларды енгізуді жалғастыра беремін", - деді Джо Байден.
Ал поляк премьер-министрі Моравецкий Ресейді тоталитарлық-фашистік мемлекет, Бучадағы жағдайды геноцид деп атады және ресейлік қоғамға қатаң санкциялар салуға, еуропалық көшбасшыларды Ресей мұнайы мен газынан бас тартуға шақырды.
Осы тұста поляк премьерінің Еуропа көшбасшыларын орыстардың ығына жығылды деп айыптағаны байқалады.
"Еуропадағы жағдай әдеттегідей. Бұл өтіп жатқан саммитерден көрініп тұр. Германия – шешуші санкциялар енгізуде басты тежегіш болып отыр. Макрон мырза, сіз Путинмен неше рет келіссөз жүргіздіңіз? Қандай нәтижеге қол жетті? Қай оқиғаға тежеу бола алдыңыз? Қылмыскерлермен келісім жүргізбейді, қылмыскерлермен күресу керек", - деді поляк шенеунігі.
Ал Берлин мен Париж өз экономикасын құлдыратуды қаламайды. Макрон Еуропаның англосаксондардың айтқанын орындай беруіне қарсы. Сондықтан олардың ұстанымын қоғамдық пікірді орыстарға қарсы бұру арқылы өзгертуге көшті.
Владимир Зеленский Ресей мемлекетінің әлем алдындағы бейнесі енді түбегейлі өзгергені, оны бүкіл әлем жауыз ретінде қабылдайтынын айтты.
"Украин азаматтарының стандарты бар. Сол сияқты, ресейлік басқыншылардың стандарты бар. Бұл жақсылық пен жамандық. Бұл Еуропа мен осының барлығын жұтып қоюға ұмтылған қара шыңырау", - деді Зеленский.
Саясат
Зеленский Тоқаевпен не жөнінде келіскенін айтты
Украинада қайтыс болғандар саны жиырма мыңға жуықтады, ал Ресей мен Луганск және Донецк халық республикалары жағынан әрқайсысынан мың жарым адам мерт болды. Екі бауырлас мемлекет бір-біріне оқ атқан соң, мұны азаматтық соғыс деп атауға негіз бар, дейді мақала авторы.
Оның пікірінше, Батыс Ресеймен күресуде Украинаны қолданғанына, Украинаны НАТО-ға қабылдау арқылы Ресейді арандатқанына, антиресейлік үгіт-насихат жүрігізіп жатқанына өкінбейді. Бучадағы жағдайды қолдан жасаудың еш қажеті жоқ еді. Себебі Ресейді жексұрын әрі жауыз етіп көрсетуге себеп онсыз да көп: соғысты бастаған Ресей, бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатқан Ресей, әскери нысандарды бомбалап жатқан Ресей және осы секілді айыптаулар батыстағы БАҚ-та жазылып жатыр.
Буча көшелеріндегі мәйіттердің пайда болуына ақиқатында кім кінәлі екенін қазір ешкім анықтамайды. Өйткені бұл іске де брден "орыстар кінәлі" деген үкім шығарылды. Сондықтан Ресей Украинада қандай іс-қимыл жасаса да, барлық кезде ақыры осы болады. Осыны түсінген кезде, Ресейге Батыстың өзі жайлы пікірі еш қызықтырмайтын болады. Ақиқатында Ресей өзгенің пікіріне алаңдамас үшін қан төгіп жатыр, деп түйіндеді мақала авторы.