Саясат

Зеленский Тоқаевпен не жөнінде келіскенін айтты

© REUTERS / UKRAINIAN PRESIDENTIAL PRESS SERВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Байланыста қала береміз, деді Украина президенті
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Twitter парақшасында Қазақстан президентімен сөйлескені туралы жазды.
"Тоқаевпен сөйлестік. Аймақтағы қауіпсіздікке қатысты ауыр жағдайды талқыладық. Біз гуманитарлық мәселелер бойынша ынтымақтастық жүргізуге келістік. Байланыста қала береміз", - дейді Зеленский.
Айта кетері, бұған дейін Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Оған Украина тарапы бастамашы болды.
"Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөз барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты", - делінген ресми хабарламада.
Екі елдің басшылары гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.
Қазақстан мен Украина тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымы қандай болады – сарапшы пікірі
Жаңалықтар
0