https://sputnik.kz/20220316/europadagy-ukraina-bosqyndarynyn-tagdyry-ne-bolmaq-23573011.html
Еуропадағы Украина босқындарының тағдыры не болмақ
Еуропадағы Украина босқындарының тағдыры не болмақ
Sputnik Қазақстан
"Ұшу шектелген аймақ құрылмайтыны", "Еуроодаққа жеделдетілген рәсіммен қабылдау мүмкін еместігі" және міне-міне бөлінуі тиісті миллиардтардың әлі де қолға... 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T16:02+0500
2022-03-16T16:02+0500
2022-05-16T16:14+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1013/04/10130447_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_b22a3e6dcd2e5dc62cc4d9865c2a561c.jpg
"Ұшу шектелген аймақ құрылмайтыны", "Еуроодаққа жеделдетілген рәсіммен қабылдау мүмкін еместігі" және міне-міне бөлінуі тиісті миллиардтардың әлі де қолға тимеуінен кейін Украинаға берілген уәделер орындалмағаны айқын байқалып тұр, деп жазды РИА Новости.Өзіне берілген уәде орындалмағандықтан, қазіргі Киев режимі де халыққа берген уәдесін жүзеге асыра алмайды. Әйтпесе БҰҰ мәліметі бойынша бүгінде босқынға айналған үш миллионға жуық адамның тағдыр тәлкегіне қалдырылуын қалай түсіндіруге болады?Біріккен Еуропа бұл босқындарды құшақ жая қарсы алуға дайын екенін жария етіп жатыр. Алайда, Ресей мен Украина қарым-қатынасындағы дағдарысқа дейін біріккен Еуропадағы халық саны отыз бес миллион адамнан асты. Құрлықтағы ахуал онсыз да мәз емес.Қала саябақтарында орнатылған шатырлар мен туннельдерде түнеген босқындар бүгінгі біріккен Еуропаның қалыпты көрінісіне айналды. Біріккен Еуропа халқы бүгінде азық-түлік пен электр энергиясы шығындарын үнемдеуге мәжбүр. Сонымен қатар дәл осы біріккен Еуропа инфляцияның жаңа толқынының және барлық заттың бағасы қайтадан қымбаттауының қарсаңында тұр.Бірақ қоғам алдында берген уәдесіне сәйкес, бірікен Еуропа тағы үш миллион адамды қабылдап, заң мен конвенцияға сәйкес, оларды баспана, тамақ, кез келген деңгейдегі білім және медицина қызметімен қамтамасыз етуі керек.Ал босқындардың басым бөлігі әйелдер, балалар мен қариялар екенін ескерсек, онда біріккен Еуропа осының барлығына қаражат табу үшін бюджетті қайта қарастыруға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде еуропаның салық көлемін ұлғайтып, зейнетке шығу жасын өсіруге алып келеді.Бұған дейін пандемиямен күресу шараларын, бизнесті қолдау әдістерін және тағы басқа жобаларды қаржыландыру мақсатында босап қалған қазынаны толтырудың басқа амалы жоқ. Ал Еуропаның орталық банкі баспа білдегінің қуатын арттырса, онда бұл инфляцияның өсіп, бағаның қайтадан шарықтауын тудырады.Сондықтан құрлықтағы мемлекеттер босқындарды қабылдаудың басқа да шараларын қарастырып жатыр. Мысалы, Франция үкіметі интернет платформаны іске қосып, елдің әрбір азаматы өзін "ерікті ретінде жазуға" мүмкіндік берді. Бұл "еріктілер" өз баспаналарын босқындарға ұсынып, оларға тіл үйрету, елдегі өмірге қалыптасу бойынша барлық жауапкершілікті өз мойнына алады.Осы науқанды насихаттап жатқан репортаждарда барлығы мінсіз көрінеді. Дегенмен француз еліндегі емін-еркін тұрып-жүріп қалған тұрғындар баспананы бөтен адаммен ұзақ бөлісуге дайын екені күмән тудырады. Сондықтан бұл шара уақытша сипатта болуы ықтимал.Босқын мәртебесін алу процесі жедел жүргенімен, бөтен елді паналап барып, сол елге сіңісу, бөтен тілді меңгеру және оның мәдениетіне бейімделу өте күрделі процесс. "Еуропада демократия салтанат құрған, сондықтан ол жақта өмір сүру оңай" деп ойлайтындар қателескенін түсінеді. Себебі демократияшыл Еуропада бәрі қатал, тәртіпке бағынған және ол өз есесін жібермейді."Сондықтан бүгінгі күні мейірімділік пен жанашырлықтың белгісі ретінде көрініс тауып отырған "еріктілер" науқанының астарында ұзақ мерзімді инвестиция жатуы әбден мүмкін. Мұны украиндер де түсіне бастаған сыңайлы", - деп жазылған сайт материалында.
https://sputnik.kz/20220303/ukrainadan-qashqan-bosqyndar-sany-bir-aptada-millionga-zhetti---23254371.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1013/04/10130447_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_68c29ca4e10ae9f986c9db29fb922579.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
"Ұшу шектелген аймақ құрылмайтыны", "Еуроодаққа жеделдетілген рәсіммен қабылдау мүмкін еместігі" және міне-міне бөлінуі тиісті миллиардтардың әлі де қолға тимеуінен кейін Украинаға берілген уәделер орындалмағаны айқын байқалып тұр, деп жазды
РИА Новости.Өзіне берілген уәде орындалмағандықтан, қазіргі Киев режимі де халыққа берген уәдесін жүзеге асыра алмайды. Әйтпесе БҰҰ мәліметі бойынша бүгінде босқынға айналған үш миллионға жуық адамның тағдыр тәлкегіне қалдырылуын қалай түсіндіруге болады?
Біріккен Еуропа бұл босқындарды құшақ жая қарсы алуға дайын екенін жария етіп жатыр. Алайда, Ресей мен Украина қарым-қатынасындағы дағдарысқа дейін біріккен Еуропадағы халық саны отыз бес миллион адамнан асты. Құрлықтағы ахуал онсыз да мәз емес.
Қала саябақтарында орнатылған шатырлар мен туннельдерде түнеген босқындар бүгінгі біріккен Еуропаның қалыпты көрінісіне айналды. Біріккен Еуропа халқы бүгінде азық-түлік пен электр энергиясы шығындарын үнемдеуге мәжбүр. Сонымен қатар дәл осы біріккен Еуропа инфляцияның жаңа толқынының және барлық заттың бағасы қайтадан қымбаттауының қарсаңында тұр.
Бірақ қоғам алдында берген уәдесіне сәйкес, бірікен Еуропа тағы үш миллион адамды қабылдап, заң мен конвенцияға сәйкес, оларды баспана, тамақ, кез келген деңгейдегі білім және медицина қызметімен қамтамасыз етуі керек.
Ал босқындардың басым бөлігі әйелдер, балалар мен қариялар екенін ескерсек, онда біріккен Еуропа осының барлығына қаражат табу үшін бюджетті қайта қарастыруға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде еуропаның салық көлемін ұлғайтып, зейнетке шығу жасын өсіруге алып келеді.
Бұған дейін пандемиямен күресу шараларын, бизнесті қолдау әдістерін және тағы басқа жобаларды қаржыландыру мақсатында босап қалған қазынаны толтырудың басқа амалы жоқ. Ал Еуропаның орталық банкі баспа білдегінің қуатын арттырса, онда бұл инфляцияның өсіп, бағаның қайтадан шарықтауын тудырады.
Сондықтан құрлықтағы мемлекеттер босқындарды қабылдаудың басқа да шараларын қарастырып жатыр. Мысалы, Франция үкіметі интернет платформаны іске қосып, елдің әрбір азаматы өзін "ерікті ретінде жазуға" мүмкіндік берді. Бұл "еріктілер" өз баспаналарын босқындарға ұсынып, оларға тіл үйрету, елдегі өмірге қалыптасу бойынша барлық жауапкершілікті өз мойнына алады.
Осы науқанды насихаттап жатқан репортаждарда барлығы мінсіз көрінеді. Дегенмен француз еліндегі емін-еркін тұрып-жүріп қалған тұрғындар баспананы бөтен адаммен ұзақ бөлісуге дайын екені күмән тудырады. Сондықтан бұл шара уақытша сипатта болуы ықтимал.
Босқын мәртебесін алу процесі жедел жүргенімен, бөтен елді паналап барып, сол елге сіңісу, бөтен тілді меңгеру және оның мәдениетіне бейімделу өте күрделі процесс. "Еуропада демократия салтанат құрған, сондықтан ол жақта өмір сүру оңай" деп ойлайтындар қателескенін түсінеді. Себебі демократияшыл Еуропада бәрі қатал, тәртіпке бағынған және ол өз есесін жібермейді.
"Сондықтан бүгінгі күні мейірімділік пен жанашырлықтың белгісі ретінде көрініс тауып отырған "еріктілер" науқанының астарында ұзақ мерзімді инвестиция жатуы әбден мүмкін. Мұны украиндер де түсіне бастаған сыңайлы", - деп жазылған сайт материалында.