Әлем

АҚШ Еуропаны Ресеймен қақтығысқа итермелеп отыр

Sputnik
Америкалықтар Еуропаны Украина Қарулы күштеріне ауыр әскери техника мен мамандарды жөнелтуге мәжбүрлеу арқылы құрлықты Ресеймен қарулы қақтығысқа итермелеп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
3 сәуірде Ақ үй аппарат басшысы Рон Клейн АҚШ Украинадағы соғыс жақын уақытта аяқталмайды деп санайтынын айтты. Клейн Вашингтон қару-жарақ жеткізу немесе НАТО елдерінің жеткізу ақысы төлеу арқылы Украинаға әскери көмек көрсетіп жатқанын растады. Ол бейбіт келісім туралы жақ ашпады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен әрбір ресейлік танк үшін Украина Қарулы күштеріне НАТО стандарты бойынша дайындалған " танкке қарсы оннан астам жүйе" беруге уәде етті. Вашингтон бұл әрекеті арқылы өз одақтастары мен Украинаны Ресейге қарсы онжылдықтарға созылатын соғысқа арандатып отыр.
Саясат
Ресейге қарсы санкция әсері: Қазақстан АҚШ-пен консультация өткізді
Global Firepower әлемдік әскери қуат рейтингінің мәліметі бойынша, Ресейде 12 мыңнан астам танк бар. Сондықтан Батыс Блинкеннің уәдесін орындау үшін ұзақ жылдар бойы танкке қарсы басқарылатын зымыран құрастырумен айналысуға тура келеді. АҚШ Украинаға әскери көмек ретінде 13 миллиард доллар бөлу туралы шешім қабылдады.
Наурызда Киев режимі осы соманың шамамен 10%-ін, яғни 1,6 миллиард долларды алды. Украинаға америкалықтардың алдындағы бұл қару-жарақ кредитін ұзақ уақыт өтеу қажет болады.
АҚШ Украина Қарулы күштеріне Шығыс Еуропа елдерінен жүздеген Т-72 танкі мен басқа да брондалған техника жеткізу жобасын ұсынуды доғарар емес. Мысалы, Польшада Варшава келісімінен бері шамамен 500 дана түрлі модификациядағы Т-72 танкі және мыңнан астам БМП-1 жаяу әскердің соғыс машинасы сақтаулы тұр.
Варшава америкалық "Абрамс" танктеріне тапсырыс беріп қойған. Сондықтан ол ескі брондалған техниканы сатуды көздеп отыр. Хроленконың пікірінше, Ресей мен Украинаның әскери әлеуеті екі түрлі. Сол себепті Киев режимі бәрібір жеңіледі, ал Укрианаға тағы қару-жарақ жіберу Украина Қарулы күштері қатарындағы құрбандар санының артуына себеп болады.
Украина президенті Владимир Зеленский америкалық әріптесі Джозеф Байденнен броньдалған ауыр техника, ұзақ қашықтықтан әрекет ететін артиллерия, С-300 үлгісіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, соққы жасаушы ұшақтар сұратқан болатын. Ақ үй барынша тырысып жатқанымен, ескі танктер мен жаяу әскердің брондалған машинасы Украина армиясының соғысу әлеуетін арттыра алмайтынын америкалық баспасөз де мойындап жазды.
Технологиялық тұрғыда тозығы жеткен қару Киев режимінің мерзімін ғана созуы мүмкін. Ал Украинаға жөнелтілген жаңа қару-жарақ жүйелері мен натолық "ерікті" нұсқаушы мамандар Ресейдің дәлдігі жоғары қаруыныңа айналады. Сондықтан Вашингтонның еркіне қарамастан, АҚШ-тың еуропалық одақтастары Ресеймен соғысқа етене араласуға құлықсыздығы байқалады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина премьері бизнесмендерді жұмысты жандандыруға шақырды
Германия Украинаға 2 650 дана "Матадор" реактивті танкке қарсы гранатомет жеткізді және маусымға дейін тағы 2 450 гранатомет жіберуді жоспарлап отыр. Бірақ Германия жүзден астам Marder жаяу әскердің броньдалған машинасын беруден бас тартты. Ал күні кеше Германия демократиялық республикасынан мұра боп қалған 2700 дана "Стрела-2" жылжымалы зениттік зымыран кешенінің небәрі 500-і ғана соғысқа жарамды екені анықталды.
Ал Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жеткізуді әзірше тек сөз жүзінде орындап отыр. Лондонның Одессаға жөнелткен Harpoon кемеге қарсы зымырандары кемесіз жеткізіліп жатыр. Жалпы батыс жеткізген қару-жарақта танкке қарсы жылжымалы гранатомет пен қашықтығы шектеулі зениттік зымыран кешен басым. Наурызда Украина Қарулы күштері 3 800 дана танкке қарсы басқарылатын зымыран "Джавелин", "Милан", "Конкурс", танкке қарсы қол гранатометі "Энлав", "Панцерфауст", "М-72", сондай-ақ 897 жылжымалы зениттік зымыран кешені "Стингер", "Игла", мен 109 артиллериялық қару алды. Бірақ бұл аталғандардың көбі жарамдылық мерзімі өтуіне немесе технологиялық тозуына байланысты утилизациялауға жататынын ескеру керек.
Қоғам
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді
Ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің нысандары мен оның "серіктестерінің" қару-жарақ жеткізулерін талқандауды жалғастырып жатыр. 24 ақпанда басталған арнайы әскери операция кезінде Украина Қарулы Күштеріне тиесілі 125 ұшақ, 91 тікұшақ, 392 пилотсыз ұшу аппараты, 226 зениттік зымыран кешені, 1936 танк және басқа да броньдалған машина, 211 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе қондырғысы, 833 дала артиллериясы мен миномет, сондай-ақ 1810 арнайы әскери автомобиль техникасы жойылды.
"Бұл тізім ұлғая беретін түрі бар. Демилитаризациялау және денацификациялау бойынша операция технологиялық басымдылықпен жалғасып жатыр. Вашингтон Украина дағдарысын Ресейді әлсірету және еуропалық бәсекелестікті жою мақсатында қолданып отыр. Дегенмен, әлем елдерінің басым бөлігі Киев режимі мен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын қолдап отырған жоқ", - деп жазды әскери сарапшы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы