https://sputnik.kz/20220313/ukraina-premeri-biznes-23477590.html
Украина премьері бизнесмендерді жұмысты жандандыруға шақырды
Украина премьері бизнесмендерді жұмысты жандандыруға шақырды
Sputnik Қазақстан
Денис Шмыгальдың пікірінше, ел экономикасын жаңа шынайылыққа бейімдеу қажет 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T09:44+0500
2022-03-13T09:44+0500
2022-04-26T15:00+0500
украина
бизнесмендер
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1354/14/13541438_0:253:3010:1946_1920x0_80_0_0_7fec62e0ba1fecbb66f2a13408e74db8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Украина премьері Денис Шмыгаль бизнесті жұмысты жандандыруға шақырды. Ол экономиканы жаңа шынайылыққа бейімдеу қажет екенін айтты."Әзірге ешкім соғыс ертең бітеді деп айта алмайды. Сол себепті экономиканы жаңа шынайылыққа бейімдеу жеңіс үшін басты негізге айналуға тиіс. Сондықтан барлығына айтарым: кім жұмыс істей алады және кімнің жұмысы бар – жұмыс істеңіздер. Белсенді әскери іс-қимыл жүрмейтін аумақта бизнесі барлар – қызметті жандандырыңыздар. Сіздер экономикалық майданның бір бөлігісіздер", - деді Шмыгаль бейнеүндеуінде.Ресей 24 ақпанда Украинада әскери операция бастады.БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының мәліметінше, 7 наурыздағы жағдай бойынша қақтығыс барысында 474 бейбіт тұрғын қаза тауып, 861-і жараланды. Бұл статистикада ДХР және ЛХР аумағындағы адам шығыны да қамтылған. Ол жерде, БҰҰ есебінше, 24 адам көз жұмып, 112 адам зардап шекті. Әскери іс-қимылдар салдарынан Украинаның көптеген қаласы мен ауылында гуманитарлық дағдарыс басталуда.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1354/14/13541438_139:0:2870:2048_1920x0_80_0_0_b0462f5174bc5b2237a48a00c59ce45f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, бизнесмендер
Украина премьері бизнесмендерді жұмысты жандандыруға шақырды
09:44 13.03.2022 (жаңартылды: 15:00 26.04.2022) Денис Шмыгальдың пікірінше, ел экономикасын жаңа шынайылыққа бейімдеу қажет
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Украина премьері Денис Шмыгаль бизнесті жұмысты жандандыруға шақырды. Ол экономиканы жаңа шынайылыққа бейімдеу қажет екенін айтты.
"Әзірге ешкім соғыс ертең бітеді деп айта алмайды. Сол себепті экономиканы жаңа шынайылыққа бейімдеу жеңіс үшін басты негізге айналуға тиіс. Сондықтан барлығына айтарым: кім жұмыс істей алады және кімнің жұмысы бар – жұмыс істеңіздер. Белсенді әскери іс-қимыл жүрмейтін аумақта бизнесі барлар – қызметті жандандырыңыздар. Сіздер экономикалық майданның бір бөлігісіздер", - деді Шмыгаль бейнеүндеуінде.
Ресей 24 ақпанда Украинада әскери операция бастады.
БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының мәліметінше, 7 наурыздағы жағдай бойынша қақтығыс барысында 474 бейбіт тұрғын қаза тауып, 861-і жараланды. Бұл статистикада ДХР және ЛХР аумағындағы адам шығыны да қамтылған. Ол жерде, БҰҰ есебінше, 24 адам көз жұмып, 112 адам зардап шекті. Әскери іс-қимылдар салдарынан Украинаның көптеген қаласы мен ауылында гуманитарлық дағдарыс басталуда.