Өңірлер

Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

Ертең, 29 наурыз бірқатар өңірде қар және жаңбыр жауып, жел күшейеді, көктайғақ болады, бұрқасындатады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.
30 наурызда тәулік бойы облыстың батысы мен оңтүстігінде бұрқасындатады. 30-31 наурызда облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады, 30-31 наурыз күндері өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшейеді.
Петропавл қаласында 29 наурыз күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. 30-31 наурыз күндері көктайғақ, оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел күтілуде, 30 наурызда оқта-текте желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Ертең Алматы облысының батысы мен шығысында оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғады. Талдықорған қаласында да жел күшейеді.
29 наурызда Қызылорда облысында қатты жел соғады: күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығы мен шығысында оқта-текте 30 м/с дейін барады. Түнде облыстың басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады, солтүстігінде көктайғақ болады.
Қызылорда қаласында желдің екпіні 23-28 м/с болжанып отыр.
Қоғам
Қар және жаңбыр: наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады
29 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен орталығында бұрқасындатып, көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 23-28 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда.
Қарағанды қаласында – көктайғақ, бұрқасын және жел.
Жезқазған қаласында көктайғақ болады, жел соғады.
29 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел соғады.
Орал қаласында 29 наурыз түнде көктайғақ күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
29 наурыз күндіз Атырау облысының шығысында, батысында және орталығында шаңды дауыл болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с., күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл соғады, жел күшейеді.
29 наурызда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтілуде. Түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде 23-28 м/с дейін барады.
Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 17-22 м/с жел тұрады.