https://sputnik.kz/20220328/nauryzdyn-songy-kunderi-aua-rayy-23783417.html
Қар және жаңбыр: наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады
Қар және жаңбыр: наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады
Sputnik Қазақстан
Қазгидромет 29-31 наурыздағы ауа райына болжам жасады 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T11:48+0500
2022-03-28T11:48+0500
2022-03-28T11:48+0500
қоғам
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/765/36/7653650_0:0:1503:845_1920x0_80_0_0_3e9b989dfe623768928f65f57071cbf7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының соңғы күндері елдің барлық аумағында жауын-шашын түседі. Ауа температурасы көтеріледі.Алдағы үш күнде Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елдің барлық аумағында жауын-шашын болжанып отыр: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жаңбыр мен қар күтілуде."Республика бойынша тұман, көктайғақ болжануда. Желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін барады, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 30 м/с және одан да қатты күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады", - деп хабарлады Қазгидромет.Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6°C аяз...2°C жылы, оңтүстік жартысында 5°C аяз...5°C жылы, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде -+10...+20°C дейін, солтүстігінде +2...+8°C, шығысы мен орталығында +3...+11°C дейін.Ірі қалалардағы ауа райы29 наурызда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -7 градус суық, күндіз +2 градус жылы.Ертең Алматыда күн бұлтты, кешке нөсер жауын жауады. Түнде +7, күндіз +14 градус.Шымкентте де күндіз жаңбыр жауады. Түнде +7, күндіз +2 градус жылы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/765/36/7653650_43:0:1376:1000_1920x0_80_0_0_011f12dbe113e0c8baf515fdf5b01ea6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
Қар және жаңбыр: наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады
Қазгидромет 29-31 наурыздағы ауа райына болжам жасады
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының соңғы күндері елдің барлық аумағында жауын-шашын түседі. Ауа температурасы көтеріледі.
Алдағы үш күнде Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елдің барлық аумағында жауын-шашын болжанып отыр: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жаңбыр мен қар күтілуде.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ болжануда. Желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін барады, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 30 м/с және одан да қатты күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады", - деп хабарлады Қазгидромет.
Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6°C аяз...2°C жылы, оңтүстік жартысында 5°C аяз...5°C жылы, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде -+10...+20°C дейін, солтүстігінде +2...+8°C, шығысы мен орталығында +3...+11°C дейін.
29 наурызда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -7 градус суық, күндіз +2 градус жылы.
Ертең Алматыда күн бұлтты, кешке нөсер жауын жауады. Түнде +7, күндіз +14 градус.
Шымкентте де күндіз жаңбыр жауады. Түнде +7, күндіз +2 градус жылы.