https://sputnik.kz/20220328/qazaqstan-zheti-oblys-dabyldy-eskertu-23793852.html
Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды
Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
Ертең, 29 наурыз бірқатар өңірде қар және жаңбыр жауып, жел күшейеді, көктайғақ болады, бұрқасындатады
2022-03-28T17:03+0500
2022-03-28T17:03+0500
2022-03-28T17:03+0500
өңірлер
дабылды ескерту
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1c/15869961_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_01cd0e07c7e54169fa98c6005c10cc58.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.30 наурызда тәулік бойы облыстың батысы мен оңтүстігінде бұрқасындатады. 30-31 наурызда облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады, 30-31 наурыз күндері өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшейеді.Петропавл қаласында 29 наурыз күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. 30-31 наурыз күндері көктайғақ, оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел күтілуде, 30 наурызда оқта-текте желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшеюі мүмкін.Ертең Алматы облысының батысы мен шығысында оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғады. Талдықорған қаласында да жел күшейеді.29 наурызда Қызылорда облысында қатты жел соғады: күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығы мен шығысында оқта-текте 30 м/с дейін барады. Түнде облыстың басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады, солтүстігінде көктайғақ болады.Қызылорда қаласында желдің екпіні 23-28 м/с болжанып отыр.29 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен орталығында бұрқасындатып, көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 23-28 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда.Қарағанды қаласында – көктайғақ, бұрқасын және жел.Жезқазған қаласында көктайғақ болады, жел соғады.29 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел соғады.Орал қаласында 29 наурыз түнде көктайғақ күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.29 наурыз күндіз Атырау облысының шығысында, батысында және орталығында шаңды дауыл болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с., күндіз екпіні 23-28 м/с болады.Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл соғады, жел күшейеді.29 наурызда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтілуде. Түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде 23-28 м/с дейін барады.Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 17-22 м/с жел тұрады.
https://sputnik.kz/20220328/nauryzdyn-songy-kunderi-aua-rayy-23783417.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1c/15869961_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_ce2702ebccbfeec08c8868869597c2f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы дабылды ескерту наурыз 2022 прогноз погоды штормовое предупреждение
ауа райы дабылды ескерту наурыз 2022 прогноз погоды штормовое предупреждение
Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды
Ертең, 29 наурыз бірқатар өңірде қар және жаңбыр жауып, жел күшейеді, көктайғақ болады, бұрқасындатады
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.
30 наурызда тәулік бойы облыстың батысы мен оңтүстігінде бұрқасындатады. 30-31 наурызда облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады, 30-31 наурыз күндері өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшейеді.
Петропавл қаласында 29 наурыз күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. 30-31 наурыз күндері көктайғақ, оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел күтілуде, 30 наурызда оқта-текте желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Ертең Алматы облысының батысы мен шығысында оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жел соғады. Талдықорған қаласында да жел күшейеді.
29 наурызда Қызылорда облысында қатты жел соғады: күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың орталығы мен шығысында оқта-текте 30 м/с дейін барады. Түнде облыстың басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады, солтүстігінде көктайғақ болады.
Қызылорда қаласында желдің екпіні 23-28 м/с болжанып отыр.
29 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен орталығында бұрқасындатып, көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 23-28 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда.
Қарағанды қаласында – көктайғақ, бұрқасын және жел.
Жезқазған қаласында көктайғақ болады, жел соғады.
29 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел соғады.
Орал қаласында 29 наурыз түнде көктайғақ күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
29 наурыз күндіз Атырау облысының шығысында, батысында және орталығында шаңды дауыл болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с., күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл соғады, жел күшейеді.
29 наурызда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ күтілуде. Түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде 23-28 м/с дейін барады.
Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 17-22 м/с жел тұрады.