НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ресейлік "Аэрофлот" компаниясы Қазақстанға билет сатуды қайта бастайды.
Қазақстанға рейстер 8 сәуірден ұша бастайды. Оларды "Аэрофлоттың" еншілес компаниясы "Россия" орындайды.
"Аэрофлот" Сочиден Қазақстанға, сондай-ақ Армения, Египет, Израиль, Түркия мен Өзбекстанға тікелей тұрақты рейстерге әуе билеттерін сатып жатыр. Ұшу бағдарламасы транзиттік жолаушылар ағынына бағдарланған және Мәскеуден (Шереметьево), Санкт-Петербург пен Красноярсктен Сочи арқылы ұшатын жолаушыларға қызықты болады", - делінген әуе компаниясы сайтында.
Сочиден Нұр-Сұлтан мен Алматыға аптасына 7 рейс, Ақтау мен Ақтөбеге – 3 рейс, Атырауға 2 рейс орындау жоспарланып отыр.
Жолаушыларды ресейлік өндірістен шыққан Superjet 100 ұшақтары тасымалдайды.
Еске салсақ, 8 наурыздан бастап "Аэрофлот" ұшуға кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты Қазақстанға рейстерді тоқтатқан еді.