https://sputnik.kz/20220317/scat-qazaq-air-aqtobe-23581380.html
SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты
SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T08:41+0500
2022-03-17T08:41+0500
2022-03-17T08:48+0500
қоғам
ақтөбе
рейстер
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1a/14573696_0:0:1201:676_1920x0_80_0_0_ef26adeede42b5b6a183fa1a1452b6a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Тағы екі қазақстандық авиакомпания ұшу-қону жолағын жөндеу жүріп жатқан Ақтөбе әуежайына рейстерді тоқтатты. SCAT 31 наурызға дейін Ақтөбеге ұшуларды тоқтататыны туралы хабарлады. Жолаушылар сатып алған жерінен билет құнын толықтай қайтара алады. Рейсті басқа күнге қайта брондауға да болады. Сондай-ақ, 17-23 наурыз аралығында бұл қалаға Qazaq Air де ұшпайды. Мына рейстер тоқтатылды: Нұр-сұлтан - Ақтөбе - Нұр-Сұлтан, Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе, Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе, Ақтөбе – Түркістан - Ақтөбе.Билет әуе компаниядан алынса, info@flyqazaq.com электронды поштасы арқылы өтініш жолдау керек. Брондау нөмірі мен кері байланыс мәліметін көрсету қажет. Билет агенттікте рәсімделсе, сол жерге хабарласуға кеңес берілді.Бұған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын.Ақтөбе әуежайы неге ұшақ қабылдамайды Ақтөбе қаласының әуежайы 17-27 наурыз аралығында жөндеуге жабылды. 11 наурызда Азаматтық авиация комитеті 2022 жылдың 17 наурызынан бастап олқылықтар жойылғанға дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалану тоқтатылатынын хабарлады. Тексеру кезінде ақаулар анықталған.Ақтөбе әуежайынан аптасына 5 бағыт бойынша (Нұр-сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан) 52 ішкі рейс, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына (Ыстанбұл, Тбилиси, Қазан, Нүкіс) аптасына 9 рейс жасалады.
https://sputnik.kz/20220316/air-astana-aqtobe-reyster-23570348.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1a/14573696_0:0:1199:899_1920x0_80_0_0_1186e467647c0da42365d03ef01970df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
scat qazaq air ақтөбе рейс актобе
scat qazaq air ақтөбе рейс актобе
SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты
08:41 17.03.2022 (жаңартылды: 08:48 17.03.2022) Бұған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Тағы екі қазақстандық авиакомпания ұшу-қону жолағын жөндеу жүріп жатқан Ақтөбе әуежайына рейстерді тоқтатты.
SCAT 31 наурызға дейін Ақтөбеге ұшуларды тоқтататыны туралы хабарлады. Жолаушылар сатып алған жерінен билет құнын толықтай қайтара алады. Рейсті басқа күнге қайта брондауға да болады.
Сондай-ақ, 17-23 наурыз аралығында бұл қалаға Qazaq Air де ұшпайды. Мына рейстер тоқтатылды: Нұр-сұлтан - Ақтөбе - Нұр-Сұлтан, Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе, Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе, Ақтөбе – Түркістан - Ақтөбе.
Билет әуе компаниядан алынса,
info@flyqazaq.com электронды поштасы арқылы өтініш жолдау керек. Брондау нөмірі мен кері байланыс мәліметін көрсету қажет. Билет агенттікте рәсімделсе, сол жерге хабарласуға кеңес берілді.
Бұған дейін Air Astana Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын.
Ақтөбе әуежайы неге ұшақ қабылдамайды
Ақтөбе қаласының әуежайы 17-27 наурыз аралығында жөндеуге жабылды. 11 наурызда Азаматтық авиация комитеті 2022 жылдың 17 наурызынан бастап олқылықтар жойылғанға дейін Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалану тоқтатылатынын хабарлады. Тексеру кезінде ақаулар анықталған.
Ақтөбе әуежайынан аптасына 5 бағыт бойынша (Нұр-сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Түркістан) 52 ішкі рейс, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына (Ыстанбұл, Тбилиси, Қазан, Нүкіс) аптасына 9 рейс жасалады.