Қоғам

Air Astana Ақтөбеге ұшатын рейстерді тоқтатты

© Sputnik / Тимур БатыршинAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Билет сатып алынған жерге хабарласып, толық ақысын қайтаруға болады
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Ақтөбе қаласына ұшатын рейстердің бір айға тоқтатылатынын хабарлады.
Жолаушылар брондалған билеттерді 31 мамырға дейін бос рейстерге тегін ауыстыра алады. Сондай-ақ, билет сатылған жерге хабарласып, толық ақысын қайтаруға болады.
"Әуежайдың жабылуына байланысты 17 наурыз бен 17 сәуір аралығындағы Ақтөбеге қатынайтын рейстер тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
Өткен аптаның соңында азаматтық авиация комитеті 17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жабылатынын жариялады.
Тексеріс кезінде әуежайының ұшу-қону жолағында түрлі ақаулар мен жарықшақтар анықталды. Сондықтан оны пайдалануды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.
Ақтөбе облысының әкімдігі қысқа мерзімде әуе айлағы плиталарын ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын.
 Air Astana  ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Қоғам
Air Astana Ресейге барлық рейсті тоқтатты
Жаңалықтар
0