Қоғам

Air Astana Ресейге барлық рейсті тоқтатты

© Sputnik / Тимур Батыршин Air Astana ұшағы
 Air Astana  ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Әуе компаниясы көрші елге рейстердің тоқтатылу себебін атады
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысы Ресейге рейстер толығымен тоқтатылғанын хабарлады.
Екі күн бұрын әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстерді орындай беретінін мәлімдеген еді. Ал Ресейдің басқа қалаларына "өндірістік себептерге" байланысты ұшпайтынын айтты.
"Өкінішке қарай Air Astana Ресей Федерациясына және оның аумағы үстінен коммерциялық ұшулардың сақтандыру өтемінің тоқтатылуына байланысты бұл бағыттағы барлық рейс тоқтатылатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы рейстерді тез арада жандандыру үшін бұл мәселені Қазақстан үкіметімен бірлесіп шешіп жатыр.
Компания тоқтатылған рейстерге билет алып қойған жолаушылардан оны сатып алған жерге жүгінуді өтінді. Билет ақшасы толық көлемді қайтарылады.
Әуе компаниясымен мына нөмірлер арқылы байланысуға болады:
+7 727 244 4477 (08.00 - 00.00)
+7 7172 584477 (08.00 - 00.00)
+7 702 702 4477 (08.00 - 00.00)
WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 - 20.00)
Online chat: airastana.com (24/7)
help.airastana.com
Ресейдегі байланыс нөмірлері:
Тел.:+7 (495) 287 70 08/09
Тел .: +7 (495) 363-50-40
Моб.: +7 985 232 04 36.
Жаңалықтар
0