Қоғам

"Аэрофлот" Қазақстанға ұшатын рейстерді жандандырады

© Photo : PixabayҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
"Аэрофлот" құрамына кіретін "Россия" әуе компаниясының ұшақтары Сочиден Нұр-Сұлтанға, Алматыға, Атырауға, Ақтау мен Ақтөбеге ұшады
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ресейлік "Аэрофлот" компаниясы Қазақстанға билет сатуды қайта бастайды.
Қазақстанға рейстер 8 сәуірден ұша бастайды. Оларды "Аэрофлоттың" еншілес компаниясы "Россия" орындайды.
"Аэрофлот" Сочиден Қазақстанға, сондай-ақ Армения, Египет, Израиль, Түркия мен Өзбекстанға тікелей тұрақты рейстерге әуе билеттерін сатып жатыр. Ұшу бағдарламасы транзиттік жолаушылар ағынына бағдарланған және Мәскеуден (Шереметьево), Санкт-Петербург пен Красноярсктен Сочи арқылы ұшатын жолаушыларға қызықты болады", - делінген әуе компаниясы сайтында.
Сочиден Нұр-Сұлтан мен Алматыға аптасына 7 рейс, Ақтау мен Ақтөбеге – 3 рейс, Атырауға 2 рейс орындау жоспарланып отыр.
Жолаушыларды ресейлік өндірістен шыққан Superjet 100 ұшақтары тасымалдайды.
Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Қоғам
SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты
Еске салсақ, 8 наурыздан бастап "Аэрофлот" ұшуға кедергі келтіретін мән-жайларға байланысты Қазақстанға рейстерді тоқтатқан еді.
Жаңалықтар
0