Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік жасаған аула қызметкеріне мемлекеттік награда берілді – фото

Алматыда 30-дан астам азаматқа мемлекеттік награда табысталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың 31 тұрғынына мемлекеттік награда тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан президентінің атынан жоғары мемлекеттік наградаларды алғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, қаңтардағы оқиғалар кезінде азаматтарды құтқару және қорғау барысында батылдық танытқан азаматтар бар.
Алматыда 30-дан астам азаматқа мемлекеттік награда табысталды
"Парасат" орденімен Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманалиев, "Қазақстан Республикасының қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ президенті Еркебек Арғымбаев марапатталды.
"Құрмет" орденімен Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек марапатталса, "Шапағат" медалі "Лидер.kz" еріктілер қозғалысы" ҚБ басшысы Дильмира Блац пен тұрғын үйдегі өртті сөндіруші, аула қызметкері Арлан Мутишевке берілді.
Арлан Мутишев "Құрмет" орденімен марапатталды
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан пәтер иелері кооперативінде жұмыс істейтін Арлан Мутишев туралы жазды. Ол 5 қаңтарда тұрғын үйдің астындағы мейрамханадан өрт шыққан кезде өмірін қатерге тігіп, өртті сөндірген.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мереке қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.