https://sputnik.kz/20220318/qantar-oqigasy-memlekettik-nagrada-foto-23625100.html
Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік жасаған аула қызметкеріне мемлекеттік награда берілді – фото
Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік жасаған аула қызметкеріне мемлекеттік награда берілді – фото
Sputnik Қазақстан
Алматыда 30-дан астам азаматқа мемлекеттік награда табысталды 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T15:28+0500
2022-03-18T15:28+0500
2022-05-23T14:22+0500
мемлекеттік наградалар
алматы
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23625000_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_83e2cba23b6af86d95b1b58e03b8da9e.jpg
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың 31 тұрғынына мемлекеттік награда тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстан президентінің атынан жоғары мемлекеттік наградаларды алғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, қаңтардағы оқиғалар кезінде азаматтарды құтқару және қорғау барысында батылдық танытқан азаматтар бар."Парасат" орденімен Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманалиев, "Қазақстан Республикасының қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ президенті Еркебек Арғымбаев марапатталды."Құрмет" орденімен Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек марапатталса, "Шапағат" медалі "Лидер.kz" еріктілер қозғалысы" ҚБ басшысы Дильмира Блац пен тұрғын үйдегі өртті сөндіруші, аула қызметкері Арлан Мутишевке берілді.Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан пәтер иелері кооперативінде жұмыс істейтін Арлан Мутишев туралы жазды. Ол 5 қаңтарда тұрғын үйдің астындағы мейрамханадан өрт шыққан кезде өмірін қатерге тігіп, өртті сөндірген.Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мереке қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/12/23625000_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_73a9ab6f99845754b704fa7e24facc14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік наградалар, алматы
мемлекеттік наградалар, алматы
Қаңтар оқиғасы кезінде ерлік жасаған аула қызметкеріне мемлекеттік награда берілді – фото
15:28 18.03.2022 (жаңартылды: 14:22 23.05.2022) Алматыда 30-дан астам азаматқа мемлекеттік награда табысталды
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың 31 тұрғынына мемлекеттік награда тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстан президентінің атынан жоғары мемлекеттік наградаларды алғандар қатарында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, қаңтардағы оқиғалар кезінде азаматтарды құтқару және қорғау барысында батылдық танытқан азаматтар бар.
"Парасат" орденімен Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманалиев, "Қазақстан Республикасының қызыл жарты ай қоғамы" ҚБ президенті Еркебек Арғымбаев марапатталды.
"Құрмет" орденімен Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек марапатталса, "Шапағат" медалі "Лидер.kz" еріктілер қозғалысы" ҚБ басшысы Дильмира Блац пен тұрғын үйдегі өртті сөндіруші, аула қызметкері Арлан Мутишевке берілді.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан пәтер иелері кооперативінде жұмыс істейтін Арлан Мутишев туралы
жазды. Ол 5 қаңтарда тұрғын үйдің астындағы мейрамханадан өрт шыққан кезде өмірін қатерге тігіп, өртті сөндірген.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мереке қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен
марапаттады.