https://sputnik.kz/20220126/Almaty-ort-video-19220614.html
"Бәрі шошып қалды": Алматыда тұрғындар үйдің жертөлесіндегі өртті қалай сөндірді – видео
"Бәрі шошып қалды": Алматыда тұрғындар үйдің жертөлесіндегі өртті қалай сөндірді – видео
Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Республика алаңы аумағындағы мейрамханалар қиратылып, үйдің жертөлесі отқа оранып, түтіні... 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T15:21+0500
2022-01-26T15:21+0500
2022-05-23T16:00+0500
мультимедиа
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19220623_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_70093a97103991b7949a300e9c855ceb.jpg
Алматы тұрғыны агенттікке берген сұхбатында ПИК қызметкері Арлан Мутишевтің еңбегін ерекше атады. Ол өртеніп жатқан мейрамхананың есігін бұзып, өртті сөндіруге жертөлеге түскен. Sputnik Қазақстан күзетшімен байланысқа шығып, оқиғаның қалай өрбігенін білді.Оқи отырыңыз: "Менің үйім емес, өртене берсін": алматылық әйел бүлік болған күнді еске алды Арлан мамандығы бойынша электрик-газбен дәнекерлеуші, үш баланың әкесі. 2012 жылы отбасымен Есік қаласына көшкен, Алматыда екі жерде жұмыс істейді. 2021 жылдың желтоқсанына дейін ол мердігерлік шартпен жергілікті ПИК-ке қызмет көрсетті, содан кейін ресми жұмысқа орналасқан. Мұнда ол ауысыммен жұмыс істейді."Пәтер иелері кооперативінде жұмыс істеймін. Жұмысқа кезекпен шығамыз. 26 желтоқсанда жұмысқа түстім. 5 қаңтарда тұрғын үйдің астындағы мейрамханадан өрт шықты. Өрт шыққан соң алдынан кіруге тырыстық, бірақ ешқандай мүмкіндік болмады. Өйткені қатты түтін болып тұрды. Кіре алмаған соң "Пекинская утка" мейрамханасының күзетшісіне өрт сөндіргіш пен газқағар керек деп айттым. Өзім екінші жағына барып, ПИК басшысына хабарласып, "есікті сындырғаннан басқа амал жоқ" деп айттым", - дейді Арлан Мутишев.Алайда басшылықтың мақұлдауын күтпестен тұрғындармен бірге мейрамхананың артқы есігін сындырған.Айтуынша, мейрамхана есігін ашуға жарты сағат уақыт кеткен. Ал өртті сөндіруге 5 өрт сөндіргіш жұмсаған."Есікті өз күшімізбен сындырдық. Бір кісі шарқайрақ (болгарка) алып келген. Екінші қабаттан тоқ жалғап, сайманды қостық. Соның бәріне шамамен 20-30 минут уақыт кетті. Өрт сөндіргішпен жалынды өшірдік. Қалғанына тұрғындар көмегімен су шаштық. Түтіннің ішінде бір сағаттай жүрген шығармын. Алайда өртті сөндірсек те, тұрғындардың қорқынышы басылмады. Бұл жерде балалар да, қарттар да бар. Бәрі шошып қалды. Тұрғындар уайымдай бастады. Содан кейін осы маңайды кезекпен күзетейік деген ұсыныс айттым. 5 ер адам екі адамнан бөлініп, осы ауланы таңға дейін күзеттік. 7-8 қаңтарға дейін күнде кешке осылай шығып, жағдайды бақыладық", - дейді Арлан.Тұрғындар тіпті бірнеше күн бойы сыртқа шықпаған. Сол кезде Арлан Мутишев бірнеше тұрғынмен бірге азық-түлік дүкеніне барған.Тұрғын үйдегі жағдайды бақылағандардың бірі – Бейбіт Мұстафин. Жергілікті тұрғын өзі тұратын подъездің астындағы мейрамханада алты сағаттай болып, тонаушылардың өрт қоюына жол бермеген."5 қаңтарда тұрғындар Leo's мейрамханасында өрт шықты деп шулап жатты. Осы үйге келіп қарасам, біраз адам жиналыпты. Әйелдер шыңғырып, жылап жатыр. Ер адамдар есікті бұзып жатыр. Бұл жақта кісі көп екен, менен пайда болмайтынын білдім. Біздің үйдің астында "Пекинская утка" мейрамханасы бар, тонаушылар от тастамасын деп түнгі екі жарымға дейін алты сағат сол жерде жүрдім. Тонаушыларды тоқтату мүмкін емес, өйткені олар көп. Қолдарында темір, қару болды. Алатындарыңды алыңдар, ештеңені қиратпаңдар, от тастамаңдар дедік. Тонаушылар агрессивті болған жоқ", - дейді ол.Қазір мейрамханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар да қалыпты тіршілігіне оралған. Алайда Республика алаңында болған жағдайды еске алғысы келмейтіндер де бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19220623_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_555f00587abe1a64617b0c2f63dfbf89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айгерім Таубай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22340822_522:0:1242:720_100x100_80_0_0_f775bb8a5329a4db086da0de8c54d7f0.jpg
мультимедиа
"Бәрі шошып қалды": Алматыда тұрғындар үйдің жертөлесіндегі өртті қалай сөндірді – видео
15:21 26.01.2022 (жаңартылды: 16:00 23.05.2022) Sputnik Қазақстан бұған дейін Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Республика алаңы аумағындағы мейрамханалар қиратылып, үйдің жертөлесі отқа оранып, түтіні пәтерлерге жайылғаны туралы жазды
Алматы тұрғыны агенттікке берген сұхбатында ПИК қызметкері Арлан Мутишевтің еңбегін ерекше атады. Ол өртеніп жатқан мейрамхананың есігін бұзып, өртті сөндіруге жертөлеге түскен.
Sputnik Қазақстан күзетшімен байланысқа шығып, оқиғаның қалай өрбігенін білді.
Арлан мамандығы бойынша электрик-газбен дәнекерлеуші, үш баланың әкесі. 2012 жылы отбасымен Есік қаласына көшкен, Алматыда екі жерде жұмыс істейді. 2021 жылдың желтоқсанына дейін ол мердігерлік шартпен жергілікті ПИК-ке қызмет көрсетті, содан кейін ресми жұмысқа орналасқан. Мұнда ол ауысыммен жұмыс істейді.
"Пәтер иелері кооперативінде жұмыс істеймін. Жұмысқа кезекпен шығамыз. 26 желтоқсанда жұмысқа түстім. 5 қаңтарда тұрғын үйдің астындағы мейрамханадан өрт шықты. Өрт шыққан соң алдынан кіруге тырыстық, бірақ ешқандай мүмкіндік болмады. Өйткені қатты түтін болып тұрды. Кіре алмаған соң "Пекинская утка" мейрамханасының күзетшісіне өрт сөндіргіш пен газқағар керек деп айттым. Өзім екінші жағына барып, ПИК басшысына хабарласып, "есікті сындырғаннан басқа амал жоқ" деп айттым", - дейді Арлан Мутишев.
Алайда басшылықтың мақұлдауын күтпестен тұрғындармен бірге мейрамхананың артқы есігін сындырған.
"Түтін жан-жақтан шығып жатты. Есікті бұзып, ішіне түскен кезде есік пен киім ауыстыратын жер қатты жанып жатыр екен. Өрт сөндіргішті алып түсіп, қатты жанып жатқан отты сөндірдік. Артынша су шаштық. Тұрғындар екінші қабаттан иілгіш құбыр арқылы су жіберді, шелекпен беріп тұрды. Бәріміз бір үйдің адамы секілді жұмыла жұмыс істедік", - дейді ол.
Айтуынша, мейрамхана есігін ашуға жарты сағат уақыт кеткен. Ал өртті сөндіруге 5 өрт сөндіргіш жұмсаған.
"Есікті өз күшімізбен сындырдық. Бір кісі шарқайрақ (болгарка) алып келген. Екінші қабаттан тоқ жалғап, сайманды қостық. Соның бәріне шамамен 20-30 минут уақыт кетті. Өрт сөндіргішпен жалынды өшірдік. Қалғанына тұрғындар көмегімен су шаштық. Түтіннің ішінде бір сағаттай жүрген шығармын. Алайда өртті сөндірсек те, тұрғындардың қорқынышы басылмады. Бұл жерде балалар да, қарттар да бар. Бәрі шошып қалды. Тұрғындар уайымдай бастады. Содан кейін осы маңайды кезекпен күзетейік деген ұсыныс айттым. 5 ер адам екі адамнан бөлініп, осы ауланы таңға дейін күзеттік. 7-8 қаңтарға дейін күнде кешке осылай шығып, жағдайды бақыладық", - дейді Арлан.
Тұрғындар тіпті бірнеше күн бойы сыртқа шықпаған. Сол кезде Арлан Мутишев бірнеше тұрғынмен бірге азық-түлік дүкеніне барған.
Тұрғын үйдегі жағдайды бақылағандардың бірі – Бейбіт Мұстафин. Жергілікті тұрғын өзі тұратын подъездің астындағы мейрамханада алты сағаттай болып, тонаушылардың өрт қоюына жол бермеген.
"5 қаңтарда тұрғындар Leo's мейрамханасында өрт шықты деп шулап жатты. Осы үйге келіп қарасам, біраз адам жиналыпты. Әйелдер шыңғырып, жылап жатыр. Ер адамдар есікті бұзып жатыр. Бұл жақта кісі көп екен, менен пайда болмайтынын білдім. Біздің үйдің астында "Пекинская утка" мейрамханасы бар, тонаушылар от тастамасын деп түнгі екі жарымға дейін алты сағат сол жерде жүрдім. Тонаушыларды тоқтату мүмкін емес, өйткені олар көп. Қолдарында темір, қару болды. Алатындарыңды алыңдар, ештеңені қиратпаңдар, от тастамаңдар дедік. Тонаушылар агрессивті болған жоқ", - дейді ол.
Қазір мейрамханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар да қалыпты тіршілігіне оралған. Алайда Республика алаңында болған жағдайды еске алғысы келмейтіндер де бар.