Экономика

Тоқаев 10 мың доллардан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салды

Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Он мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
Бұл елдің ұлттық мүддесін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шарасы екені айтылған.
1. Қазақстан Республикасынан Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
2) Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын шығаруға тыйым салынсын. Сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге болмайды, делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.
Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтан тұрғындары доллар таба алмай жүр