https://sputnik.kz/20220314/aqsh-dollaryn-valyutany-elden-shygaru-23509499.html
Тоқаев 10 мың доллардан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салды
Тоқаев 10 мың доллардан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салды
Sputnik Қазақстан
Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T18:08+0500
2022-03-14T18:08+0500
2022-03-14T18:17+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23257983_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_d4f09bf9fbf8f849518625386a1a8c2a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Он мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.Бұл елдің ұлттық мүддесін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шарасы екені айтылған.1. Қазақстан Республикасынан Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;2) Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын шығаруға тыйым салынсын. Сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге болмайды, делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді. Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
https://sputnik.kz/20220311/nur-sultan-turgyndar-dollar-23450442.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23257983_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_df5d20d8d9e6e0a9600cc113369b0d0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар теңге тоқаев токаев жарлық указ запрет вывоз валюта елден шығару
доллар теңге тоқаев токаев жарлық указ запрет вывоз валюта елден шығару
Тоқаев 10 мың доллардан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салды
18:08 14.03.2022 (жаңартылды: 18:17 14.03.2022) Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Он мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол валютаны елден шығаруға тыйым салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
Бұл елдің ұлттық мүддесін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шарасы екені айтылған.
1. Қазақстан Республикасынан Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
2) Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын шығаруға тыйым салынсын. Сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге болмайды, делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.
Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.