"Қант тапшылығы жоқ": Сауда министрлігі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды

Республикада 1,5 миллион тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомство соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарағанын атап өтті.
"Дүрбелең сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келді. Сауда және интеграция министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі ажиотажға ерік бермеуге шақырады. Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылады", - делінген хабарламада.
АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.
Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жасалған. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 миллион тонна көкөніс өнімдері және т.б.
Сауда министрлігі бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ екенін, қант өндірісі жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру фактісі бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатыр", - дейді мамандар.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды.
Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді.
Қоғам
Қазақстандықтар дүкендерден жаппай қант сатып алып жатыр