https://sputnik.kz/20220313/qant-khalyq-durbelen-23485786.html
"Қант тапшылығы жоқ": Сауда министрлігі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
"Қант тапшылығы жоқ": Сауда министрлігі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
Sputnik Қазақстан
Республикада 1,5 миллион тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T18:49+0500
2022-03-13T18:49+0500
2023-08-10T17:15+0500
қант
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19099748_0:149:3113:1900_1920x0_80_0_0_20b11e931ef0ab2f0249311bde369ba8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпаратқа түсініктеме берді.Ведомство соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарағанын атап өтті.АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жасалған. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 миллион тонна көкөніс өнімдері және т.б.Сауда министрлігі бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ екенін, қант өндірісі жалғасып жатқанын мәлімдеді.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды.Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді.
https://sputnik.kz/20220312/qazaqstandyqtar-dukenderden-zhappay-qant-satyp-alyp-zhatyr-23474626.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19099748_191:0:2922:2048_1920x0_80_0_0_3560875b354416456573d3ad26bb9e92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, азық-түлік
"Қант тапшылығы жоқ": Сауда министрлігі халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
18:49 13.03.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Республикада 1,5 миллион тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомство соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарағанын атап өтті.
"Дүрбелең сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келді. Сауда және интеграция министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі ажиотажға ерік бермеуге шақырады. Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылады", - делінген хабарламада.
АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.
Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жасалған. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 миллион тонна көкөніс өнімдері және т.б.
Сауда министрлігі бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ екенін, қант өндірісі жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Сондай-ақ қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру фактісі бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатыр", - дейді мамандар.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды.
Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді.