Қоғам

Қазақстандықтар дүкендерден жаппай қант сатып алып жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневСахарный ажиотаж в Нур-Султане
Сахарный ажиотаж в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Жазылу
Қазақстандықтар таяуда қант тапшылығы болады деген оймен дүкендерге жүгірді
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Жуырда сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда үш айға жететін қант қоры бар екенін мәлімдеді. Экономикалық санкцияларға байланысты Ресей билігі жарты жылға қант экспортына тыйым салған еді.
Дәл сол күні және ертесіне Қазақстанның көптеген қаласында қант ең көп сұранысқа ие өнімге айналды. Бағасы да шарықтады. Сатушылар бір адамға сатылатын тауар көлеміне шектеу енгізе бастады.
Мысалы, Көкшетауда супермаркеттердің бірінде қантқа кезекте тұрған сатып алушылар арасында төбелес шыға жаздады.
Қарағанды мен Теміртауда да дүрлігу байқалды: сатушылар қантты сөреге қоя бергені сол еді, адамдар талап әкетті. Пабликтердің бірінде қанттың бір келісі 500 теңгеге жеткені жазылды.
Sputnik Қазақстан тілшісінің ақпаратынша, Нұр-Сұлтанда гипермаркеттердің бірінде қант мүлде таусылып қалған. Басқа сауда орнында адамдар бірден бірнеше келіден сатып алып жатыр. Сатушылар тауар сатуды шектеуге мәжбүр болды.
© Sputnik / Владислав ВодневЕлордалықтар да қант сатып алу үшін дүкендерге жүгірді
Сахарный ажиотаж в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Елордалықтар да қант сатып алу үшін дүкендерге жүгірді
Солтүстік Қазақстан облысында қанттың бір келісі 420 теңгеге дейін қымбаттады.
Павлодарда да кешеден бері дүрлігу байқалады. Сауда орындардың бірінде қантты 4,5 кг келіден үлестеп сатып жатыр.
© Sputnik / Владислав ВодневҚантқа шектеу
Сахарный ажиотаж в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Қантқа шектеу
"Адамдарға не болғанын білмеймін. Қант көп, бірақ біз бәрін сатып әкетпес үшін оған шектеу қойдық", - деді журналиске дүкен сатушысы.
Қантты келісіне 264 теңгеден сатқан "Инмартта" сенбі күні тауар таусылып қалған.

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ

Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы кәсіпкерлік басқармасынан хабарлағандай, қазіргі уақытта көтерме саудаға "Тараз қант зауыты" ЖШС-де өндірілген қант түсіп жатыр. Оны сату бағасы бір келі үшін 390 теңгені құрайды.
"Сондай-ақ көтерме сауда қоймалары мен бөлшек сауда кәсіпорындарында қант пен басқа да тауарлардың жеткілікті мөлшері бар, қорларды толтыру ағымдағы режимде жүргізіледі. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ қант сатып алу жұмыстарын жүргізуде, осы аптада 100 тонна қант түсті.
Ұн, нан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Қоғам
Ұн мен қант жеткілікті ме – министрлік жауап берді
Бұдан басқа, KOKSHE-MARKET әлеуметтік дүкендерінде бұрын сатып алынған қант бір келісі 320 теңгеден сатылып жатыр (алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында қантты бір қолға беру көлемі бойынша шектеу белгіленеді). Қазір сол қанттың 20 тоннасы қалды", - делінген хабарламада.
Басқарма азаматтардан араңдатушылыққа ермеуді және дүрлікпеуді сұрады.
Жуырда Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі елде 47,6 мың тонна қант қоры бар екенін және тапшылық болмайтынын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
0