https://sputnik.kz/20220311/qazaqstan-un-qant-ministrlik-23457163.html
Ұн мен қант жеткілікті ме – министрлік жауап берді
Ұн мен қант жеткілікті ме – министрлік жауап берді
Sputnik Қазақстан
Шенеуніктер азық-түлік қоры жүйелі түрде толтырылып отыратынын айтты 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T17:54+0500
2022-03-11T17:54+0500
2022-03-11T17:54+0500
қоғам
ұн
қант
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/1021/22/10212243_0:69:3072:1797_1920x0_80_0_0_2d7195d72ad903739d24244f6c14d235.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі азық-түлік қорына қатысты ақпарат ұсынды. Ведомство ішкі нарықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін үнемі тексеріліп тұратынын жеткізді.Министрлік мәліметі бойынша, республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жалпы қоры шамамен 1,5 миллион тоннаны құрайды, оның ішінде:"Азық-түлік өндірісі тоқтап жатқан жоқ, оның қоры жүйелі түрде толықтырылып отыр. Жарма, ұн, консерві және басқа да тауарды өндіруге қажетті шикізат жеткілікті, сондай-ақ ет пен сүт өнімдерін дайындауға арналған мал саны да жеткілікті көлемде", - деп сендірді министрлікте.Көп жылдан бері Қазақстан астық пен ұн өндіру және әлемдік нарыққа жеткізу бойынша көшбасшы орындардың бірінде тұр. 1 ақпандағы дерек бойынша республикада дәнді және бұршақ-дәнді дақылдардың қоры 10 миллион тонна. Осылайша Қазақстанда жалпы алғанда азық-түлік қоры мынадай: "Сондықтан республика ішкі нарықтың астыққа деген сұранысын өз өндірісі есебінен қамтамасыз етуге толық қауқарлы", - деп министрлікте. Әкімдіктер ұсынған мәліметке сәйкес, 4 наурыздағы жағдай бойынша қолда 47,6 мың тонна қант (тұрақтандыру қорларында – 3,7 мың тонна, сауда нысандарында – 26,7 мың тонна, кәсіпорындарда – 11,2 мың тонна, қоймаларда – 5,8 мың тонна) бар. Сондай-ақ Қазақстан 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, 250 мың тонна көлемінде қант (ақ және шикі қамыс қанты) импорттауға құқылы.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1021/22/10212243_222:0:2953:2048_1920x0_80_0_0_8126c17c5bce8ffa603840c4874f678b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұн қант сахар мука ауыл шаруашылығы министрлік министерство сельского хозяйства баға цена
ұн қант сахар мука ауыл шаруашылығы министрлік министерство сельского хозяйства баға цена
Ұн мен қант жеткілікті ме – министрлік жауап берді
Шенеуніктер азық-түлік қоры жүйелі түрде толтырылып отыратынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі азық-түлік қорына қатысты ақпарат ұсынды. Ведомство ішкі нарықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін үнемі тексеріліп тұратынын жеткізді.
Министрлік мәліметі бойынша, республикада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жалпы қоры шамамен 1,5 миллион тоннаны құрайды, оның ішінде:
макарон – 21,3 мың тонна,
1 миллион тонна көкөніс өнімдері.
"Азық-түлік өндірісі тоқтап жатқан жоқ, оның қоры жүйелі түрде толықтырылып отыр. Жарма, ұн, консерві және басқа да тауарды өндіруге қажетті шикізат жеткілікті, сондай-ақ ет пен сүт өнімдерін дайындауға арналған мал саны да жеткілікті көлемде", - деп сендірді министрлікте.
Көп жылдан бері Қазақстан астық пен ұн өндіру және әлемдік нарыққа жеткізу бойынша көшбасшы орындардың бірінде тұр.
1 ақпандағы дерек бойынша республикада дәнді және бұршақ-дәнді дақылдардың қоры 10 миллион тонна. Осылайша Қазақстанда жалпы алғанда азық-түлік қоры мынадай:
8,1 миллион тонна бидай (оның ішінде 6,7 миллион тонна азық-түлікке арналған астық және 0,3 миллион тонна мал азығы),
астыққа арналған жүгері – 157 мың тонна,
қара бидай – 26 мың тонна.
"Сондықтан республика ішкі нарықтың астыққа деген сұранысын өз өндірісі есебінен қамтамасыз етуге толық қауқарлы", - деп министрлікте.
Әкімдіктер ұсынған мәліметке сәйкес, 4 наурыздағы жағдай бойынша қолда 47,6 мың тонна қант (тұрақтандыру қорларында – 3,7 мың тонна, сауда нысандарында – 26,7 мың тонна, кәсіпорындарда – 11,2 мың тонна, қоймаларда – 5,8 мың тонна) бар.
Сондай-ақ Қазақстан 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, 250 мың тонна көлемінде қант (ақ және шикі қамыс қанты) импорттауға құқылы.