Өңірлер

ҰҚК Атырауда қылмыстық топты ұстады

Қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден асатын марихуана тәркіленді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласында ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 6 наурыз күні Атырау қаласында каннабистік есірткіні жеткізуге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Ал келесі күні есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы қолға түсті.
"Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық "марихуана" тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр", - дейді комитет мамандары.
Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық – бұрынғы офицерлердің мәлімдемесі
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы бапқа сәйкес, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкi тәркiленеді.