https://sputnik.kz/20220311/masimov-uqk-ofitserler-malimdeme-23447236.html
Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық – бұрынғы офицерлердің мәлімдемесі
Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық – бұрынғы офицерлердің мәлімдемесі
Sputnik Қазақстан
Әскери қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болғанын айтып, президенттен қылмыстық істі қайта қарауды сұрап отыр 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T12:38+0500
2022-03-11T12:38+0500
2023-08-09T09:35+0500
әскери қызметкер
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_06bacb2f30478fb1f85a9220816da706.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қарулы күштердің бір топ экс-генералдары мен полковниктері Кәрім Мәсімовтың басшылығындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша заңсыз сотталғанын мәлімдеді.Полковник Мұхтар Қарабеков баспасөз мәслихатында 2017 жылы "Қазақстан инжиниринг" компаниясының қызметіне қатысты іс бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековпен бірге 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.Тергеудің мәліметінше, ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Офицер кінәсін мойындамаған.Мұхтар Қарабеков 157 әскери қызметкер заңсыз сотталғанын, оның 7-уі Жоғарғы соттың шешімімен ақталғанын айтты.Полковник қылмыстық іске қатысушыларға еш қатысы жоқ екенін, сондықтан кінәсін мойындамағанын хабарлады. Сондай-ақ ол тергеу барысында өзіне қоқан-лоққы жасалғанын, ҰҚК басшысының экс-орынбасары, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен қысым көргенін айтты.Экс-әскери қызметшілер президент, жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық озбырлықты тоқтатуды және сотталған барлық әскери қызметшіге тағылған айыпты алып тастауды сұрады.Еске сала кетейік, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_2ab70ded8dcf3c12e67b946d2d0f527a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, ұлттық қауіпсіздік комитеті
әскери қызметкер, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық – бұрынғы офицерлердің мәлімдемесі
12:38 11.03.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Әскери қызметкерлер сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болғанын айтып, президенттен қылмыстық істі қайта қарауды сұрап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қарулы күштердің бір топ экс-генералдары мен полковниктері Кәрім Мәсімовтың басшылығындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша заңсыз сотталғанын мәлімдеді.
Полковник Мұхтар Қарабеков баспасөз мәслихатында 2017 жылы "Қазақстан инжиниринг" компаниясының қызметіне қатысты іс бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековпен бірге 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.
Тергеудің мәліметінше, ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Офицер кінәсін мойындамаған.
"Барлығы ешбір дәлелсіз сотталды. Тінтуден ештеңе шықпады, жалғыз мүдделі тұлғаның куәлігі соттауға негіз болды. Бүгінде Кәрім Мәсімовтен бастап ҰҚК-нің бүкіл басшылығы түрмеде отыр, олардың барлығының әскери қызметкерлерді заңсыз соттауға қатысы бар", - деді Қазақстан қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының экс-басшысы.
Мұхтар Қарабеков 157 әскери қызметкер заңсыз сотталғанын, оның 7-уі Жоғарғы соттың шешімімен ақталғанын айтты.
Полковник қылмыстық іске қатысушыларға еш қатысы жоқ екенін, сондықтан кінәсін мойындамағанын хабарлады. Сондай-ақ ол тергеу барысында өзіне қоқан-лоққы жасалғанын, ҰҚК басшысының экс-орынбасары, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен қысым көргенін айтты.
Экс-әскери қызметшілер президент, жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық озбырлықты тоқтатуды және сотталған барлық әскери қызметшіге тағылған айыпты алып тастауды сұрады.
Еске сала кетейік, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.