https://sputnik.kz/20220312/uqk-atyrau-qylmystyq-top-23470519.html
ҰҚК Атырауда қылмыстық топты ұстады
ҰҚК Атырауда қылмыстық топты ұстады
Sputnik Қазақстан
Қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден асатын марихуана тәркіленді 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T15:16+0500
2022-03-12T15:16+0500
2023-08-09T09:35+0500
өңірлер
атырау
қылмыстық топ
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласында ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады.Ресми мәліметке сәйкес, 6 наурыз күні Атырау қаласында каннабистік есірткіні жеткізуге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Ал келесі күні есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы қолға түсті."Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық "марихуана" тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр", - дейді комитет мамандары.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Осы бапқа сәйкес, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкi тәркiленеді.
https://sputnik.kz/20220311/masimov-uqk-ofitserler-malimdeme-23447236.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, қылмыстық топ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
атырау, қылмыстық топ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК Атырауда қылмыстық топты ұстады
15:16 12.03.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден асатын марихуана тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласында ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 6 наурыз күні Атырау қаласында каннабистік есірткіні жеткізуге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Ал келесі күні есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы қолға түсті.
"Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық "марихуана" тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр", - дейді комитет мамандары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы бапқа сәйкес, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі деп танылған адамдардың мүлкi тәркiленеді.