АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Валюталық сауда-саттық кезінде доллардың орташа бағамы 508,62 теңге болды.
KASE 2022 жылдың 9 наурызындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 510 теңгені құраған болатын. Ол кезде сауда Франкфурт аукционы форматында өтті.
Қазақстан Ұлттық банкі 200 миллион долларға жуық сомаға валюталық интервенция жүргізді.
Kurs.kz порталы ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы айырбастау пунктері долларды бірдей бағада сатады және сатып алады. Қазақстандықтар шетел валютасын 516 теңгеден өткізіп, 519 теңгеден сатып ала алады.