Экономика

Украинадағы жағдай теңгеге қалай әсер етті – Ұлттық банк жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневҰлттық банк ғимараты
Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Жазылу
Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып саналады. Сондықтан көрші елдегі жағдай отандық қаржы нарығына әсер етпей қоймайды, деді банк өкілдері
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Украина айналасындағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі теңгеге қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Украинаның айналасындағы жағдайдың ушығуы және геосаяси қауіп-қатерлердің өсуі салдарынан қаржы нарықтарының құбылмалылығы күрт күшейіп кетті. Ресейге қарсы санкциялар қатаңдайды және жаһандық инвесторлар ресейлік активтерден шыға бастайды деген қауіп бар. Бұның барлығы ресейлік рубльге қысым жасап отыр. Соның бір тәулік ішінде көрші елдің валютасы 4 процентке әлсіреді", - дейді Молдабекова.
Оның айтуынша, қазіргі кезде рубльдің долларға шаққандағы бағамы 80-80,5 болып тұр. Ал ресейлік MOEX акцияларының индексі 10,5 процентке төмендеді. Екі күннің ішінде бірден 5 процентке түсіп кетті. Әлемдік қаржы нарықтарында да өзгеріс байқалады. EURO STOXX индексі 2,17 процентке, ал DAX индексі 2,07 процентке төмендеді. Алтынның бағасы бір унция үшін 1 906 долларға дейін көтерілді.
Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып саналады. Сондықтан көрші елдегі жағдай отандық қаржы нарығына әсер етпей қоймайды.

"Рубльдің әлсіреуі теңгеге қысым жасап отыр. Бүгін сауда-саттық ашылған бойда теңге 2,6 процентке, 426,5-тен 437,80-ге дейін әлсіреді", - деді Молдабекова.

Оның сөзіне қарағанда, ақпанда салық аптасы болған. Экспортерлар долларды сатты.
Бұдан бөлек, мұнайдың бағасы жоғары болып тұр. Мұның барлығы ұлттық валютамыздың қатты әлсіреп кетпеуіне жағдай жасап отыр. Бүгін ұлттық банк валюталық интервенция да өткізді.
"Бүгінгі сауда-саттық кезінде ұлттық банк ішкі қаржы нарығындағы жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеу үшін біршама валюталық интервенция жасады. Қазіргі кезде оның көлемі 33 миллион доллар. Ал сауда-саттықтың жалпы көлемі 155 миллион доллар болып тұр. Демек, интервенциялардың мөлшері 20 процент болған", - дейді Молдабекова.
Ұлттық банк Украинадағы жағдайды бақылап отырғанын хабарлады. Қаржы нарығындағы ахуал Ресейге қарсы санкциялардың сипаты мен осы елдің экономикасына тигізетін әсеріне байланысты болады.
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Экономика
Ұлттық банк теңгенің не себепті әлсірегенін айтты
Жаңалықтар
0