Экономика

KASE таңғы сауда-саттығы өтті - теңге нығайды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстан қор биржасы
Қазақстан қор биржасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қалыпты режимде өтті
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Валюталық сауда-саттық кезінде доллардың орташа бағамы 508,62 теңге болды.
KASE 2022 жылдың 9 наурызындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 510 теңгені құраған болатын. Ол кезде сауда Франкфурт аукционы форматында өтті.
Қазақстан Ұлттық банкі 200 миллион долларға жуық сомаға валюталық интервенция жүргізді.
Kurs.kz порталы ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы айырбастау пунктері долларды бірдей бағада сатады және сатып алады. Қазақстандықтар шетел валютасын 516 теңгеден өткізіп, 519 теңгеден сатып ала алады.
Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Экономика
Украинадағы жағдай теңгеге қалай әсер етті – Ұлттық банк жауабы
Жаңалықтар
0