Экономика

Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті

Форумға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес және квазимемлекеттік секторының 250-ден астам өкілі қатысты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Түркия вице-президенті Фуат Октайдың Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті.
Іс-шара Қазақстан мен Түркияның кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі мемлекеттің өзара сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналған платформа құруға бағытталған.

"Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 33%-ға өсіп, $4,1 миллиардтан асты. Соңғы 15 жылда Түркия еліміздің экономикасына $3,5 миллиардтан астам инвестиция салды", - деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Форумда Қазақстан премьер-министрі пандемияға қарамастан, Қазақстан үшінші жыл қатарынан Түркиядан рекордтық көлемде инвестиция тартқанын атап өтті.
"Өткен жылдың 9 айында Түркиядан келген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 2 есеге жуық өсіп, $535 миллионды құрады", — деді Әлихан Смайылов.
Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 3700-ге жуық компания жұмыс істейді. Жалпы, $2 миллиардқа жуық сомаға 58 ірі жоба бірлесіп іске асырылды.
Тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, азық-түлік өнеркәсібі және фармацевтика секілді салаларда жобалар табысты іске қосылды.
Жалпы құны $2,5 миллиардқа жуық 27 жоба іске асырылу сатысында тұр, сондай-ақ $1 миллиардтан астам сомаға 55 перспективалы жоба бірлесіп пысықталып жатыр.
Саясат
Тоқаев Түркияның вице-президентін қабылдады