https://sputnik.kz/20220304/qazaqstan-turkiya-biznes-forum-23307655.html
Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті
Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті
Sputnik Қазақстан
Форумға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес және квазимемлекеттік секторының 250-ден астам өкілі қатысты 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T20:39+0500
2022-03-04T20:39+0500
2022-03-04T20:39+0500
экономика
түркия
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15295322_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_dad94da0a72e7ef6384ff604516f6ed5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Түркия вице-президенті Фуат Октайдың Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті.Іс-шара Қазақстан мен Түркияның кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі мемлекеттің өзара сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналған платформа құруға бағытталған.Форумда Қазақстан премьер-министрі пандемияға қарамастан, Қазақстан үшінші жыл қатарынан Түркиядан рекордтық көлемде инвестиция тартқанын атап өтті."Өткен жылдың 9 айында Түркиядан келген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 2 есеге жуық өсіп, $535 миллионды құрады", — деді Әлихан Смайылов.Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 3700-ге жуық компания жұмыс істейді. Жалпы, $2 миллиардқа жуық сомаға 58 ірі жоба бірлесіп іске асырылды.Тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, азық-түлік өнеркәсібі және фармацевтика секілді салаларда жобалар табысты іске қосылды.Жалпы құны $2,5 миллиардқа жуық 27 жоба іске асырылу сатысында тұр, сондай-ақ $1 миллиардтан астам сомаға 55 перспективалы жоба бірлесіп пысықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20220304/toqaev-turkiyanyn-vitse-prezidentin-qabyldady-23304887.html
түркия
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15295322_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1ec566b737d13185607ddc19dd505154.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, қазақстан
Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті
Форумға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес және квазимемлекеттік секторының 250-ден астам өкілі қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Түркия вице-президенті Фуат Октайдың Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтті.
Іс-шара Қазақстан мен Түркияның кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі мемлекеттің өзара сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналған платформа құруға бағытталған.
"Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 33%-ға өсіп, $4,1 миллиардтан асты. Соңғы 15 жылда Түркия еліміздің экономикасына $3,5 миллиардтан астам инвестиция салды", - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
Форумда Қазақстан премьер-министрі пандемияға қарамастан, Қазақстан үшінші жыл қатарынан Түркиядан рекордтық көлемде инвестиция тартқанын атап өтті.
"Өткен жылдың 9 айында Түркиядан келген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 2 есеге жуық өсіп, $535 миллионды құрады", — деді Әлихан Смайылов.
Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 3700-ге жуық компания жұмыс істейді. Жалпы, $2 миллиардқа жуық сомаға 58 ірі жоба бірлесіп іске асырылды.
Тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, азық-түлік өнеркәсібі және фармацевтика секілді салаларда жобалар табысты іске қосылды.
Жалпы құны $2,5 миллиардқа жуық 27 жоба іске асырылу сатысында тұр, сондай-ақ $1 миллиардтан астам сомаға 55 перспективалы жоба бірлесіп пысықталып жатыр.