https://sputnik.kz/20220304/toqaev-turkiyanyn-vitse-prezidentin-qabyldady-23304887.html
Тоқаев Түркияның вице-президентін қабылдады
Тоқаев Түркияның вице-президентін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Ердоған Тоқаевты мамырда Түркияға сапармен келуге шақырды 04.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-04T17:27+0500
2022-03-04T17:27+0500
2022-03-04T17:31+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/03/04/23303814_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_a217dc39b583d137baaf1f6130d09621.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Олар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.Мемлекет басшысы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынасты одан әрі жандандыра түсуге назар аударды.Түркияның вице-президенті өз кезегінде Ердоғанның Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Түрік елі мемлекет басшысының сапарын асыға күтетінін айтты.Фуат Октай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығына орай жолдаған түрік басшысының құттықтау хатын жеткізді."Түркияның вице-президенті елімізде сын-қатерлерді еңсеру үшін қабылданған шараларды және Қазақстан Президентінің мықты әрі батыл басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады", - деп жазылған Ақорда сайтында.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу туралы шешіміне ризашылық білдірді.
https://sputnik.kz/20220302/turkiya-resey-ukraina-kelissoz-23240663.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/04/23303814_397:0:3128:2048_1920x0_80_0_0_e9a876f7beb657c7fd0122108a629a9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Түркияның вице-президентін қабылдады
17:27 04.03.2022 (жаңартылды: 17:31 04.03.2022) Ердоған Тоқаевты мамырда Түркияға сапармен келуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның вице-президенті Фуат Октайды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Олар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанның биыл мамыр айында Түркияға сапармен келу жөніндегі шақыртуын шын көңілмен қабыл алғанын жеткізді", - делінген ақпаратта.
Мемлекет басшысы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынасты одан әрі жандандыра түсуге назар аударды.
Түркияның вице-президенті өз кезегінде Ердоғанның Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді. Сондай-ақ Түрік елі мемлекет басшысының сапарын асыға күтетінін айтты.
Фуат Октай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық байланыстардың 30 жылдығына орай жолдаған түрік басшысының құттықтау хатын жеткізді.
"Түркияның вице-президенті елімізде сын-қатерлерді еңсеру үшін қабылданған шараларды және Қазақстан Президентінің мықты әрі батыл басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады", - деп жазылған Ақорда сайтында.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу туралы шешіміне ризашылық білдірді.