Экономика

Жүргізушілерден бір жыл бойы ақша талап еткен лауазымды тұлғалар ұсталды

Қазір үшеуі де қамауға алынған
Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 наурыз — Sputnik. Алматы облысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жүргізушілерден жүйелі түрде ақша алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оларды жемқорлықпен күрес қызметінің жедел уәкілдері, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері және Талдықорған көлік прокуратурасы бірлесіп ұстаған.
Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері аұша алып, жүк көлігі жүргізушілерінің кедергісіз өтуі қамтамасыз еткен. Олар бұл жоспарын бір жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырған.
"Жүйелі түрде елуден 280 мың теңгеге дейін пара алған бөлім басшысы мен оның қарамағындағы екі адам ұсталды. Қазір үшеуі де қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("пара алу") бойынша қаралады. Тергеу аяқталған соң сот органдары соңғы үкім шығарады.
Өңірлер
Пара үшін сотталған экс-әкім түрмеден мерзімінен бұрын босап шықты