Экономика

Жүргізушілерден бір жыл бойы ақша талап еткен лауазымды тұлғалар ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2022
Жазылу
Қазір үшеуі де қамауға алынған
ТАЛДЫҚОРҒАН, 3 наурыз — Sputnik. Алматы облысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жүргізушілерден жүйелі түрде ақша алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оларды жемқорлықпен күрес қызметінің жедел уәкілдері, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері және Талдықорған көлік прокуратурасы бірлесіп ұстаған.
Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері аұша алып, жүк көлігі жүргізушілерінің кедергісіз өтуі қамтамасыз еткен. Олар бұл жоспарын бір жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырған.
"Жүйелі түрде елуден 280 мың теңгеге дейін пара алған бөлім басшысы мен оның қарамағындағы екі адам ұсталды. Қазір үшеуі де қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("пара алу") бойынша қаралады. Тергеу аяқталған соң сот органдары соңғы үкім шығарады.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Өңірлер
Пара үшін сотталған экс-әкім түрмеден мерзімінен бұрын босап шықты
Жаңалықтар
0