НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады. Украина басшысы үндеу жасады, деп жазды РИА Новости.
Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді. Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты.
Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады. Путиннің айтуынша, Ресей Киев тарапынан қауіп төніп тұрған кезде өзін қауіпсіз сезіне алмайды, ал Солтүстікатлантиккалық альянстың Украинаны игеруіне жол бермейді.
Путин Ресей ТМД елдерінің тәуелсіздігін құрмейтінін және құрметтеуді жалғастыратынын айтып, оның айқын мысалы ретінде Қазақстанды атады.
"НАТО Ресей шекарасына тым қатты жақындады. Мәскеу 30 жыл бойы блоктың шығысқа қарай кеңеюін тоқтату туралы келісімге келуге тырысты. Бірақ өтірікке, қулыққа, қысымға тап болды", - деді Владимир Путин.
Дәл сол күні Украина қалаларының тұрғындары көп оқ атылғаны туралы хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Украинаның халқына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ресей Қарулы күштері Украина қалаларына зымыран, авиациялық немесе артиллериялық техникамен оқ атып жатқан жоқ.
Қорғаныс ведомствосының ақпаратына сәйкес, дәлдігі жоғары қару құралдарымен әскери инфрақұрылым, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, әскери аэродромдар мен Украина армиясының авиациясы істен шығарылады.