https://sputnik.kz/20220224/ukraina-sogys-zhagdayyn-engizdi-23049494.html
Украина бүкіл ел аумағында соғыс жағдайын енгізді
Украина бүкіл ел аумағында соғыс жағдайын енгізді
Sputnik Қазақстан
Владимир Зеленский үндеу жасап, Украина халқын дүрлікпеуге шақырды 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T10:39+0500
2022-02-24T10:39+0500
2022-05-16T16:19+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/970/08/9700860_0:0:3353:1887_1920x0_80_0_0_82f351710d95683f5a5073d7314d8d2c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады. Украина басшысы үндеу жасады, деп жазды РИА Новости. Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді. Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты. Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады. Путиннің айтуынша, Ресей Киев тарапынан қауіп төніп тұрған кезде өзін қауіпсіз сезіне алмайды, ал Солтүстікатлантиккалық альянстың Украинаны игеруіне жол бермейді. Путин Ресей ТМД елдерінің тәуелсіздігін құрмейтінін және құрметтеуді жалғастыратынын айтып, оның айқын мысалы ретінде Қазақстанды атады. Дәл сол күні Украина қалаларының тұрғындары көп оқ атылғаны туралы хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Украинаның халқына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ресей Қарулы күштері Украина қалаларына зымыран, авиациялық немесе артиллериялық техникамен оқ атып жатқан жоқ. Қорғаныс ведомствосының ақпаратына сәйкес, дәлдігі жоғары қару құралдарымен әскери инфрақұрылым, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, әскери аэродромдар мен Украина армиясының авиациясы істен шығарылады.
https://sputnik.kz/20220222/ukraina-tenge-ulttyq-bank-23004786.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/08/9700860_379:0:3110:2048_1920x0_80_0_0_38723849f748947f66b65c8d4f06a112.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина соғыс жағдайы военное положение
украина соғыс жағдайы военное положение
Украина бүкіл ел аумағында соғыс жағдайын енгізді
10:39 24.02.2022 (жаңартылды: 16:19 16.05.2022) Владимир Зеленский үндеу жасап, Украина халқын дүрлікпеуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл ел аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін хабарлады. Украина басшысы үндеу жасады, деп жазды
РИА Новости.
Сондай-ақ, Зеленский Байденмен келіссөз жүргізгенін, қазір АҚШ халықаралық көмек көрсетуге дайындалып жатқанын жеткізді. Бейсенбі, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы операция басталғаны туралы хабарлады. Путин Ресей Украинаны оккупациялауды көздемейтінін айтты.
Оның айтуынша, Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады. Путиннің айтуынша, Ресей Киев тарапынан қауіп төніп тұрған кезде өзін қауіпсіз сезіне алмайды, ал Солтүстікатлантиккалық альянстың Украинаны игеруіне жол бермейді.
Путин Ресей ТМД елдерінің тәуелсіздігін құрмейтінін және құрметтеуді жалғастыратынын айтып, оның айқын мысалы ретінде Қазақстанды атады.
"НАТО Ресей шекарасына тым қатты жақындады. Мәскеу 30 жыл бойы блоктың шығысқа қарай кеңеюін тоқтату туралы келісімге келуге тырысты. Бірақ өтірікке, қулыққа, қысымға тап болды", - деді Владимир Путин.
Дәл сол күні Украина қалаларының тұрғындары көп оқ атылғаны туралы хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Украинаның халқына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ресей Қарулы күштері Украина қалаларына зымыран, авиациялық немесе артиллериялық техникамен оқ атып жатқан жоқ.
Қорғаныс ведомствосының ақпаратына сәйкес, дәлдігі жоғары қару құралдарымен әскери инфрақұрылым, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, әскери аэродромдар мен Украина армиясының авиациясы істен шығарылады.