Өңірлер

Ер адам әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, ломбардқа өткізіп отырған

Күдікті алпыс жастан асқан әйелдерді ғана тонаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Алматыда апалардың құлағынан сырғасын жұлып алып, оны ломбардқа өткізіп ақша тапқан ер адам ұсталды.
37 жастағы қаскөй көшеде әжелерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктінің кейбір қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Ер адам өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Айтуынша, ол әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Полиция ақпаратынша, күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталған. Бұл факті бойынша көп эпизодты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Ер адам қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.
Өңірлер
Алматы облысында тұрғындарға қарулы шабуыл жасағандар ұсталды – видео
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.