https://sputnik.kz/20220221/er-adam-azheler-syrga-lombard-22968726.html
Ер адам әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, ломбардқа өткізіп отырған
Ер адам әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, ломбардқа өткізіп отырған
Sputnik Қазақстан
Күдікті алпыс жастан асқан әйелдерді ғана тонаған 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T16:58+0500
2022-02-21T16:58+0500
2022-02-21T16:58+0500
өңірлер
алматы
әже
ломбард
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:368:1521:1224_1920x0_80_0_0_08ada125a0ef034aa3c3fc3fa837e130.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Алматыда апалардың құлағынан сырғасын жұлып алып, оны ломбардқа өткізіп ақша тапқан ер адам ұсталды.37 жастағы қаскөй көшеде әжелерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.Күдіктінің кейбір қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған."Ер адам өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Айтуынша, ол әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.Полиция ақпаратынша, күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталған. Бұл факті бойынша көп эпизодты қылмыстық іс тергеліп жатыр.Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Ер адам қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
https://sputnik.kz/20211207/Almaty-oblysy-karuly-shabuyl-18840794.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:226:1521:1367_1920x0_80_0_0_2d71875e5d703e9adc1223dce551820f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әже, ломбард
Ер адам әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, ломбардқа өткізіп отырған
Күдікті алпыс жастан асқан әйелдерді ғана тонаған
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Алматыда апалардың құлағынан сырғасын жұлып алып, оны ломбардқа өткізіп ақша тапқан ер адам ұсталды.
37 жастағы қаскөй көшеде әжелерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды
Polisia.kz.Күдіктінің кейбір қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Ер адам өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б.есімді азамат. Айтуынша, ол әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Полиция ақпаратынша, күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталған. Бұл факті бойынша көп эпизодты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Ер адам қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.