Спорт

Элизабет Тұрсынбаева немен айналысып жүргенін айтты

Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа мамандықты игеріп жатыр. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы оқырмандарына берген жауабында айтты.
"Мен халықаралық журналистика факультетінде оқып жүрмін. Мамандығым - Қоғаммен байланыс", - деп жазды Тұрсынбаева.
22 жастағы Элизабет Мәскеудің халықаралық қатынастар мемлекеттік институтында білім алып жүр. Сондай-ақ, ол спорттағы карьеарасын аяқтағаннан кейін мұздағы шоуларға не себепті қатыспайтынын да жазды.
"Белімді зақымдап алғаннан кейін карьерамды аяқтадым. Ал шоуға қатысу үшін үнемі жаттығу жасау керек. Көбісі осыны түсінбейді. Шоуға дайындық қажет. Ол да оңай шаруа емес. Мұзға күнде шығып, жаттығу жасау қажет, онсыз болмайды", - дейді Тұрсынбаева.
Оның айтуынша, жаттығу кезінде секіруге тура келеді, ал ондайда белге салмақ түседі. Спортшының жанкүйерлері Тұрсынбаеваны Бейжің Олимпиадасында көргісі келгенін де жазды.
Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бапкері – Этери Тутберидзе. Тұрсынбаева ересек фигуристер арасында бірінші болып ресми жарыстарда төрт реттік секіруді (сальхов) жасады. Оны 2019 жылғы әлем чемпионатында орындап шыққан.
Былтыр 21 қыркүйекте Элизабет Тұрсынбаева бел жарақатына байланысты спорттағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Сол кезде мәнерлеп сырғанаушы не нәрсеге өкінетінін де айтты.
Тұрсынбаева Қызылорда қаласындағы спорт мектебіне барып, балаларды жаттықтыруға кіріскен.
Бейжің Олимпиадасы
Латвиялық спортшы Олимпиадада Абай әніне өнер көрсетті