https://sputnik.kz/20220221/elizabet-tursynbaeva-nemen-aynalysady-22969714.html
Элизабет Тұрсынбаева немен айналысып жүргенін айтты
Элизабет Тұрсынбаева немен айналысып жүргенін айтты
Sputnik Қазақстан
Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 21.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-21T17:21+0500
2022-02-21T17:21+0500
2022-02-21T17:23+0500
спорт
элизабет тұрсынбаева
https://sputnik.kz/img/969/18/9691846_0:18:3072:1746_1920x0_80_0_0_c93435af58841b8a42ed5a6ca4120cb5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа мамандықты игеріп жатыр. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы оқырмандарына берген жауабында айтты. 22 жастағы Элизабет Мәскеудің халықаралық қатынастар мемлекеттік институтында білім алып жүр. Сондай-ақ, ол спорттағы карьеарасын аяқтағаннан кейін мұздағы шоуларға не себепті қатыспайтынын да жазды. "Белімді зақымдап алғаннан кейін карьерамды аяқтадым. Ал шоуға қатысу үшін үнемі жаттығу жасау керек. Көбісі осыны түсінбейді. Шоуға дайындық қажет. Ол да оңай шаруа емес. Мұзға күнде шығып, жаттығу жасау қажет, онсыз болмайды", - дейді Тұрсынбаева.Оның айтуынша, жаттығу кезінде секіруге тура келеді, ал ондайда белге салмақ түседі. Спортшының жанкүйерлері Тұрсынбаеваны Бейжің Олимпиадасында көргісі келгенін де жазды. Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бапкері – Этери Тутберидзе. Тұрсынбаева ересек фигуристер арасында бірінші болып ресми жарыстарда төрт реттік секіруді (сальхов) жасады. Оны 2019 жылғы әлем чемпионатында орындап шыққан. Былтыр 21 қыркүйекте Элизабет Тұрсынбаева бел жарақатына байланысты спорттағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Сол кезде мәнерлеп сырғанаушы не нәрсеге өкінетінін де айтты. Тұрсынбаева Қызылорда қаласындағы спорт мектебіне барып, балаларды жаттықтыруға кіріскен.
https://sputnik.kz/20220208/latviyalyq-sportshy-olimpiada-22619901.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/969/18/9691846_187:0:2918:2048_1920x0_80_0_0_aaf985ee4cb6aa32f31ec5fafecf3475.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
элизабет тұрсынбаева турсунбаева турсынбаева фигурное катание мәнерлеп сырғанау инстаграм instagram
элизабет тұрсынбаева турсунбаева турсынбаева фигурное катание мәнерлеп сырғанау инстаграм instagram
Элизабет Тұрсынбаева немен айналысып жүргенін айтты
17:21 21.02.2022 (жаңартылды: 17:23 21.02.2022) Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жаңа мамандықты игеріп жатыр. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы оқырмандарына берген жауабында айтты.
"Мен халықаралық журналистика факультетінде оқып жүрмін. Мамандығым - Қоғаммен байланыс", - деп жазды Тұрсынбаева.
22 жастағы Элизабет Мәскеудің халықаралық қатынастар мемлекеттік институтында білім алып жүр. Сондай-ақ, ол спорттағы карьеарасын аяқтағаннан кейін мұздағы шоуларға не себепті қатыспайтынын да жазды.
"Белімді зақымдап алғаннан кейін карьерамды аяқтадым. Ал шоуға қатысу үшін үнемі жаттығу жасау керек. Көбісі осыны түсінбейді. Шоуға дайындық қажет. Ол да оңай шаруа емес. Мұзға күнде шығып, жаттығу жасау қажет, онсыз болмайды", - дейді Тұрсынбаева.
Оның айтуынша, жаттығу кезінде секіруге тура келеді, ал ондайда белге салмақ түседі. Спортшының жанкүйерлері Тұрсынбаеваны Бейжің Олимпиадасында көргісі келгенін де жазды.
Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бапкері – Этери Тутберидзе. Тұрсынбаева ересек фигуристер арасында бірінші болып ресми жарыстарда төрт реттік секіруді (сальхов) жасады. Оны 2019 жылғы әлем чемпионатында орындап шыққан.
Былтыр 21 қыркүйекте Элизабет Тұрсынбаева бел жарақатына байланысты спорттағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Сол кезде мәнерлеп сырғанаушы
не нәрсеге өкінетінін де айтты.
Тұрсынбаева Қызылорда қаласындағы спорт мектебіне барып,
балаларды жаттықтыруға кіріскен.