https://sputnik.kz/20220206/mansap-tursynbaeva-okinish-22562465.html
"Дайын болмадым": мансабын аяқтаған Тұрсынбаева неге өкінетінін айтты
"Дайын болмадым": мансабын аяқтаған Тұрсынбаева неге өкінетінін айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін неге өкінетінін жеткізді. 06.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-06T12:39+0500
2022-02-06T12:39+0500
2022-02-06T13:56+0500
спорт
элизабет тұрсынбаева
https://sputnik.kz/img/976/22/9762223_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_372cab3145504dbefa90cefbc5b6d309.jpg
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін неге өкінетінін жеткізді. "Әдетте өз ойларымды бөліспеймін, бірақ бүгін айтқым келді. Мансабымды аяқтағаннан кейін өкінетін жалғыз дүние – осы бағдарламаны Рахманиновтың концерт туындысында барлық жағынан көрсете алмағаным. Жаттықтырушыларым қалағандай деңгейде көрсеткім келген еді", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында. Элизабет Тұрсынбаева өзіне бағдарламаны орындап шығу қиын,а соққанын айтты. "Мен үшін бұл қиын болды, бірақ мені басқа деңгейге алып шығар еді. Біз командамен осылай жоспарладық. Өкінішке орай оны Шанхайда ғана көрсете алдым, ол жерде жарақатпен күресіп, дайын болмадым. Бағдарлама да шикі болды", – деп жазды ол. Элизабет әлеуметтік желідегі парақшасында мұз айдындағы видеосының үзіндісін жариялады. Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы. Ол ресми жарыстарда төрт рет секіруді (сальхов) орындаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы болды. Мұндай нәтижені Элизабет 2019 жылғы әлем чемпионатында көрсетіп, күміс алды. 2021 жылдың 21 қыркүйегінде Элизабет арқа жарақатын жеңе алмағанын хабарлады, сондықтан ол үлкен спортты тастап, Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға ниетті екенін жеткізді. Спортшы өмірінің бір тарауын аяқтап, жаңа тараудың басталғанын айтты. Ол туған жеріне оралып, Қызылордадағы спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде жұмыс істей бастады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/976/22/9762223_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_ee66b3842de2ba460566e92123f8cd4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
элизабет тұрсынбаева
"Дайын болмадым": мансабын аяқтаған Тұрсынбаева неге өкінетінін айтты
12:39 06.02.2022 (жаңартылды: 13:56 06.02.2022) АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін неге өкінетінін жеткізді.
"Әдетте өз ойларымды бөліспеймін, бірақ бүгін айтқым келді. Мансабымды аяқтағаннан кейін өкінетін жалғыз дүние – осы бағдарламаны Рахманиновтың концерт туындысында барлық жағынан көрсете алмағаным. Жаттықтырушыларым қалағандай деңгейде көрсеткім келген еді", - деп жазды ол өзінің
Instagram парақшасында.
Элизабет Тұрсынбаева өзіне бағдарламаны орындап шығу қиын,а соққанын айтты.
"Мен үшін бұл қиын болды, бірақ мені басқа деңгейге алып шығар еді. Біз командамен осылай жоспарладық. Өкінішке орай оны Шанхайда ғана көрсете алдым, ол жерде жарақатпен күресіп, дайын болмадым. Бағдарлама да шикі болды", – деп жазды ол.
Элизабет әлеуметтік желідегі парақшасында мұз айдындағы видеосының үзіндісін жариялады.
Элизабет Тұрсынбаева – 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы. Ол ресми жарыстарда төрт рет секіруді (сальхов) орындаған тарихтағы алғашқы ересек мәнерлеп сырғанаушы болды.
Мұндай нәтижені Элизабет 2019 жылғы әлем чемпионатында көрсетіп, күміс алды. 2021 жылдың 21 қыркүйегінде Элизабет арқа жарақатын жеңе алмағанын хабарлады, сондықтан ол үлкен спортты тастап, Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Спортшы өмірінің бір тарауын аяқтап, жаңа тараудың басталғанын айтты. Ол туған жеріне оралып, Қызылордадағы спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде жұмыс
істей бастады.