Қыз зорлады деп айыпталған Рудный балалар үйінің педагогы сот алдына келді

Оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деп айыпталған педагог-психолог Фархад Тұрдиевке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.
Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында көптеген БАҚ-та Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі зорланғаны туралы ақпарат жарияланды. Оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған. Артынша полиция департаменті бұл фактіні ресми түрде растап, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Енді істің сотқа дейін жеткені белгілі болып отыр. Процесс жабық режимде өтеді, деп хабарлады "ТоболИнфо".
Фархад Тұрдиев Рудныйдағы балалар үйінде он жылдан астам уақыт қызмет еткен. Оған дейін "Қара бүркіт" колониясы ретінде танымал 161/3 түзеу мекемесінде психолог болып жұмыс істепті.
"Сот бұл мәселені шешеді деп үміттенемін. Жалпы ұстаз тек жақсы жағынан көрініп жүретін, қиын жасөспірімдермен жұмыс істеді. Осы жағдайға алғышарт болатындай ешқандай белгі байқамадық. Не айтарымды да білмеймін", - деді балалар үйінің директоры Павел Коваль.
Тұрдиевке Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша айып тағылды. Жәбірленуші зорланғаны туралы арыз жазғаннан кейін екі аптадан соң Рудный балалар үйінен түлеп ұшқан, қазір ол колледжде оқиды. Ал күдікке ілінген оқытушының отбасы бар.
Өңірлер
Павлодар облысында ер адам мен 15 жасар мүгедек қыздың жазысқан хаты жарияланды