https://sputnik.kz/20220218/qyz-zorlady-dep-ayyptalgan-rudnyy-balalar-uyinin-pedagogy-sot-aldyna-keldi-22899418.html
Қыз зорлады деп айыпталған Рудный балалар үйінің педагогы сот алдына келді
Қыз зорлады деп айыпталған Рудный балалар үйінің педагогы сот алдына келді
Sputnik Қазақстан
Оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T10:13+0500
2022-02-18T10:13+0500
2022-02-18T10:13+0500
балалар үйі
зорлау
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деп айыпталған педагог-психолог Фархад Тұрдиевке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында көптеген БАҚ-та Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі зорланғаны туралы ақпарат жарияланды. Оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған. Артынша полиция департаменті бұл фактіні ресми түрде растап, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Енді істің сотқа дейін жеткені белгілі болып отыр. Процесс жабық режимде өтеді, деп хабарлады "ТоболИнфо".Фархад Тұрдиев Рудныйдағы балалар үйінде он жылдан астам уақыт қызмет еткен. Оған дейін "Қара бүркіт" колониясы ретінде танымал 161/3 түзеу мекемесінде психолог болып жұмыс істепті.Тұрдиевке Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша айып тағылды. Жәбірленуші зорланғаны туралы арыз жазғаннан кейін екі аптадан соң Рудный балалар үйінен түлеп ұшқан, қазір ол колледжде оқиды. Ал күдікке ілінген оқытушының отбасы бар.
https://sputnik.kz/20210428/Pavlodar-oblysy-er-adam-mugedek-okushy-16917370.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар үйі, зорлау
Қыз зорлады деп айыпталған Рудный балалар үйінің педагогы сот алдына келді
Оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деп айыпталған педагог-психолог Фархад Тұрдиевке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.
Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында көптеген БАҚ-та Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі зорланғаны туралы ақпарат жарияланды. Оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған. Артынша полиция департаменті бұл фактіні ресми түрде растап, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Енді істің сотқа дейін жеткені белгілі болып отыр. Процесс жабық режимде өтеді, деп хабарлады "
ТоболИнфо".
Фархад Тұрдиев Рудныйдағы балалар үйінде он жылдан астам уақыт қызмет еткен. Оған дейін "Қара бүркіт" колониясы ретінде танымал 161/3 түзеу мекемесінде психолог болып жұмыс істепті.
"Сот бұл мәселені шешеді деп үміттенемін. Жалпы ұстаз тек жақсы жағынан көрініп жүретін, қиын жасөспірімдермен жұмыс істеді. Осы жағдайға алғышарт болатындай ешқандай белгі байқамадық. Не айтарымды да білмеймін", - деді балалар үйінің директоры Павел Коваль.
Тұрдиевке Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша айып тағылды. Жәбірленуші зорланғаны туралы арыз жазғаннан кейін екі аптадан соң Рудный балалар үйінен түлеп ұшқан, қазір ол колледжде оқиды. Ал күдікке ілінген оқытушының отбасы бар.