Өңірлер

Павлодар облысында ер адам мен 15 жасар мүгедек қыздың жазысқан хаты жарияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері "Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір - Sputnik. "Не молчи.kz" қоғамдық қоры Павлодар облысының тұрғыны мен 15 жасар мүгедек оқушы қыздың жазысқан хатын жариялады.

Қыздың анасы қордан көмек сұраған.

"Мен 15 жасар мүгедек қызды тәрбиелеп отырған анамын. 23 наурыз күні полицияға біздің ауылдың тұрғынының үстінен арыз жаздық. Ол екі жылдан бері менің қызымды мазалап келеді екен. Қызым онымен жыныстық қатынасқа түспесе зорлаймыз деп қорқытатын көрінеді. Алайда іс әлі алға жылжыған жоқ", - делінген қыздың анасының хатында.  

Әйелдің айтуына қарағанда екі жыл бұрын алтыншы сыныпта оқитын қызына 29 жастағы жігіт әлеуметтік желіде хат жазып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Қыз оны бұғаттап тастаса да, жігіт басқа аккаунттардан жаза бастайды.

Жасөспірім қыз жігіттің аңдуынан құтылу үшін оған ақша жіберіп отырған. Бұдан кейін ол қудалауын біраз уақытқа қойғанымен, кейін байланысқа қайта шығып, қыр соңынан қалмаған.  

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жасөспірімдер зорлықшыдан әйелді арашалап қалды

Қыз мектепке баруға, үйде жалғыз қалуға қорқып қалған. Мұны білген қыздың анасы полицияға арыз жазды. Бірақ ол жердегілер бұл Қылмыстық кодекстің 115-бабы ("қорқыту") екенін айтқан. Бұл бап бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары не екі айға дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.

"Ол шынымен де айыппұл төлеп, басқа кәмелетке толмағандарды азғыруын күтеміз бе. Бір күні біреуді зорлап кетеді. Кешке үйіміздің жанына белгісіз көліктер келеді. Күйзеліске түскен балам бір апта ауырып, мектепке бармайтын болды. Сыныпта да проблемалары басталды. Бұл жайтты бәрі біле бастады", - деп шағымданды әйел.   

Әйел қызы үшін алаңдайтынын жеткізді.

"Аталған факті бойынша Павлодар облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 123-бабы (Жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталды. Қажетті сараптамалар белгіленіп, тергеу амалдары қолға алынды. Бұл істің тергеуі бақылауда", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған бұл әрекет бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0