АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында оқ тиген 14 жастағы жасөспірім балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша Петропавл қаласының тұрғынына оқты абайсызда 18 жастағы туысы атқан.
"Олар бірге Қызылжар ауданы Пресновка ауылының жанына ағаш отырғызуға барып, аң аулауға тырысқан. Оқиға болған жерден тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - деп хабарлады полиция.
Аталған жайт қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданады.