https://sputnik.kz/20220112/balaga-komektesken-studentke-oq-tidi-19129892.html
Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде балаға көмектескен студентке оқ тиді
Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде балаға көмектескен студентке оқ тиді
Sputnik Қазақстан
Астанадағы медициналық университетте оқып жүрген Әмір Сағындықов тәртіпсіздіктер кезінде есінен танып қалған баланы көрген. Студент бірден жүрекке массаж... 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T17:43+0500
2022-01-12T17:43+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19127873_0:233:1281:957_1920x0_80_0_0_d9836f5c24eeaf425ceaf73e730c6b4e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде медициналық университеттің студенті Әмір Сағындықов жарақат алды. Студент далаға шыққанда есінен танып жатқан баланы көрген. Оған көмектесіп жатқанда аяғына оқ тиген."Қазіргі кезде Әмір жазылып келеді. Жағдайы тұрақты, медициналық көмектен кейін үйіне жіберді", - деп жазды Қазақстан студенттері альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев Facebook парақшасында.Оның айтуынша, Әмір далаға дүкеннен нан аламын деп шыққан. Бірақ сауда орны жабық болыпты.Альянс басшысы тиісті мемлекеттік органдарды студенттің ерлігіне назар аударуға шықырды."Әмір тәртіпсіздік құрбаны ғана емес, нағыз азамат. Ол қиын жағдайда адамдарға көмектесті. Білім және ғылым министрлігінен, сондай-ақ Астана медициналық университетінен осы оқиғаны назардан тыс қалдырмауды сұраймын", - деді Түстікбаев.Sputnik Қазақстан Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасына хат жолдап, Әмір көмек берген баланың жағдайы туралы ақпарат беруді сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19127873_0:193:1281:997_1920x0_80_0_0_b8d4f8b8bc242e1fae4161579f8a1837.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде балаға көмектескен студентке оқ тиді
17:43 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Астанадағы медициналық университетте оқып жүрген Әмір Сағындықов тәртіпсіздіктер кезінде есінен танып қалған баланы көрген. Студент бірден жүрекке массаж жасап, баланы құтқарып қалды. Бірақ өзі аяғынан жарақат алды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде медициналық университеттің студенті Әмір Сағындықов жарақат алды. Студент далаға шыққанда есінен танып жатқан баланы көрген. Оған көмектесіп жатқанда аяғына оқ тиген.
"Қазіргі кезде Әмір жазылып келеді. Жағдайы тұрақты, медициналық көмектен кейін үйіне жіберді", - деп жазды Қазақстан студенттері альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, Әмір далаға дүкеннен нан аламын деп шыққан. Бірақ сауда орны жабық болыпты.
"Үйге қайтар жолда ол адамдарды көрген. Олар есінен танып қалған балаға көмек көрсете алатын адамды іздеген. Әмір медициналық университетте оқып жүргеннен кейін бірден жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсетті. Баланың тамыры соқпай тұрған. Содан Әмір бірден жүрек массажын жасай бастайды. Сол кезде белгісіз біреулер оларға оқ атқан. Бір оқ оның аяғына тиген. Артынан Әмірдің әкесі келіп, баланы ауруханаға алып кетті", - деп атап өтті Түстікбаев.
Альянс басшысы тиісті мемлекеттік органдарды студенттің ерлігіне назар аударуға шықырды.
"Әмір тәртіпсіздік құрбаны ғана емес, нағыз азамат. Ол қиын жағдайда адамдарға көмектесті. Білім және ғылым министрлігінен, сондай-ақ Астана медициналық университетінен осы оқиғаны назардан тыс қалдырмауды сұраймын", - деді Түстікбаев.
Sputnik Қазақстан Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасына хат жолдап, Әмір көмек берген баланың жағдайы туралы ақпарат беруді сұрады.