Оқиға

Солтүстік Қазақстанда 14 жастағы жасөспірімге оқ тиді

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Оған оқты абайсызда 18 жастағы туысы атқан
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында оқ тиген 14 жастағы жасөспірім балалар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша Петропавл қаласының тұрғынына оқты абайсызда 18 жастағы туысы атқан.

"Олар бірге Қызылжар ауданы Пресновка ауылының жанына ағаш отырғызуға барып, аң аулауға тырысқан. Оқиға болған жерден тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді", - деп хабарлады полиция.

Аталған жайт қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданады.
Оқи отырыңыз: Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде балаға көмектескен студентке оқ тиді
Жаңалықтар
0