НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Ташкенттегі хайуанаттар бағында үш жасар қызын аюдың торына лақтырған әйел күйеуінің кесірінен депрессияға түскен, деп хабарлады РИА Новости Өзбекстанның отбасы және махалланы қолдау министрлігіне сілтеме жасап.
Әйелдің өзі жұмыс істемейді. Оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңды көмек көрсетілген.
"Қазіргі кезде құқық қорғау органдары тергеу шараларына кірісті. Зардап шеккен балаға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, кішкентай қыз бас сүйек-ми жарақатын алған. Биіктен құлағаннан кейін миы шайқалған. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетері, бұл оқиға 28 қаңтарда болды. Әйелдің баласын аюға лақтырған сәті видеоға жазылып қалды. Бала бес метр биіктіктен құлаған. Бірақ аю оған тиіспеді.
Қыздың анасына адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылды.