https://sputnik.kz/20220131/Balasyn-ayuga-laqtyrgan-video-19248830.html
Баласын аюға лақтырған әйел күйеуінің кесірінен күйзеліске түскен – видео
Баласын аюға лақтырған әйел күйеуінің кесірінен күйзеліске түскен – видео
Sputnik Қазақстан
Әйел жұмыс істемейді. Оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңды көмек көрсетілген 31.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-31T21:13+0500
2022-01-31T21:13+0500
2023-08-11T11:54+0500
әлем
азиада
https://sputnik.kz/img/1224/14/12241449_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_8a36cae7b90e5497b17008dadc64e529.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Ташкенттегі хайуанаттар бағында үш жасар қызын аюдың торына лақтырған әйел күйеуінің кесірінен депрессияға түскен, деп хабарлады РИА Новости Өзбекстанның отбасы және махалланы қолдау министрлігіне сілтеме жасап.Әйелдің өзі жұмыс істемейді. Оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңды көмек көрсетілген.Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, кішкентай қыз бас сүйек-ми жарақатын алған. Биіктен құлағаннан кейін миы шайқалған. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.Айта кетері, бұл оқиға 28 қаңтарда болды. Әйелдің баласын аюға лақтырған сәті видеоға жазылып қалды. Бала бес метр биіктіктен құлаған. Бірақ аю оған тиіспеді.Қыздың анасына адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылды.Оқи отырыңыз: Ташкент зообағында әйел кішкентай қызын аюдың қасына лақтырып жіберді
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1224/14/12241449_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_de9e26a1d59a461de5b534f0e86055f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азиада
Баласын аюға лақтырған әйел күйеуінің кесірінен күйзеліске түскен – видео
21:13 31.01.2022 (жаңартылды: 11:54 11.08.2023) Әйел жұмыс істемейді. Оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңды көмек көрсетілген
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Ташкенттегі хайуанаттар бағында үш жасар қызын аюдың торына лақтырған әйел күйеуінің кесірінен депрессияға түскен, деп хабарлады
РИА Новости Өзбекстанның отбасы және махалланы қолдау министрлігіне сілтеме жасап.
"З. Т. екі баласымен бірге Ташкент қаласының Сіргелі ауданындағы "Кумарик" махалласында әкесінің үйінде тұрады. Оның күйеуі Ресейге кетіп қалған. Онымен бірге тұрмайды. Сол себепті әйел депрессияға түскен", – делінген министрліктің Telegram-арнасындағы жарияланған ресми хабарламасында.
Әйелдің өзі жұмыс істемейді. Оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңды көмек көрсетілген.
"Қазіргі кезде құқық қорғау органдары тергеу шараларына кірісті. Зардап шеккен балаға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, кішкентай қыз бас сүйек-ми жарақатын алған. Биіктен құлағаннан кейін миы шайқалған. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетері, бұл оқиға 28 қаңтарда болды. Әйелдің баласын аюға лақтырған сәті видеоға жазылып қалды. Бала бес метр биіктіктен құлаған. Бірақ аю оған тиіспеді.
Қыздың анасына адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылды.