Әлем

Ташкент зообағында әйел кішкентай қызын аюдың қасына лақтырып жіберді

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуҚоңыр аюлар
Қоңыр аюлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Аю қызға тиіскен жоқ, бала бес метрге жуық биіктіктен құлағандықтан ғана зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Ташкент зообағында әйел кішкентай қызын аюдың вольеріне лақтырып жіберді. Жыртқыш балаға тиіскен жоқ. Қыз бес метр биіктіктен құлағандықтан ғана зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгін, 28 қаңтарда, неге екені белгісіз, жас әйел жұрттың көз алдында кішкентай қызын аю қамалған вольерге лақтырып жіберді", - делінген зообақтың Telegram-каналында.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Зузу есімді кавказдық қоңыр аю металл қоршаудың ар жағынан әйелдің іс-қимылын бақылап тұрған. Содан кейін ақырын орға түсіп, қызға жақындап, иіскеп, артынан кетіп қалған.
"Зообақ қызметкерлері аюды вольердің ішкі жағына қарай алдап алып кетті. Қыз бес метрге жуық биіктіктен құлағандықтан ғана зардап шекті", – деп түсіндірді зообақтағылар.
Оқи отырыңыз: Жас боксшы аюмен арпаласып, оны мерт қылды
Аю Ташкентке 2017 жылы Баку зообағынан жеткізілген. Өзінің қылығымен, жұртқа ашықтығымен бүкіл ұжымның сүйікті жыртқышына айналды.
"Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның себептерін тергеп жатыр. Бала дәрігерлердің бақылауында. Ташкент зообағы медициналық көмекке жұмсалатын шығынды өз мойнына алады және қыздың тезірек сауығып кетуін тілейді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Жаңалықтар
0